|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 1) 1-тармақта: 2) тармақшадағы "акцияларының жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі белгiленген тәртiппен "Хабар" агенттігi" акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналыстарын өткiзген кезде 2004-2006 жылдардың қорытындысы бойынша таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтер төлеуге бағыттау үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн"; 2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада: тақырыбындағы "жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын: "6. "Хабар" агенттiгi" АҚ". 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |