|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Карантиндiк объектілер және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектілер тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлiмде: "А. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген кiшi бөлiмде: "Нурhаntria cunea Drury." деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Viteus vitifolli (Fitsch). Callosobruchus maculatus F."; "Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлiмде: "А. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген кiшi бөлiмде: "Leptinotarsa decemlineata Say.", "Viteus vitifolli (Fitsch).", "Callosobruchus maculatus F." деген жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Нурhаntria cunea Drury."; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде: "1. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: "10) колорадо картоп қоңызы.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |