“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы”
Осы редакция 2005 ж. 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң қарамағына берiлген қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының периметрiнен 30 метрдегі аумақтан Қазақстан Республикасы азаматтарының көшiрiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкіміне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 1239821331 (бiр миллиард екі жүз отыз тоғыз миллион сегiз жүз жиырма бiр мың үш жүз отыз бiр) теңге бөлiнсiн. 2. Көрсетiлген қаражат мыналарға бөлiнедi деп белгiленсiн: 711904353 (жетi жүз он бiр миллион тоғыз жүз төрт мың үш жүз елу үш) теңге - жылжымайтын мүлiкке өтемақыға; 13601200 (он үш миллион алты жүз бiр мың екi жүз) теңге - 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен әрбiр отбасының көлiктiк шығыстарын өтеуге; 5711585 (бес миллион жетi жүз он бір мың бес жүз сексен бec) теңге - 5 еселенген айлық есептік көрсеткiш есебiнен отбасының әрбiр мүшесiне бір жолғы жәрдемақы төлеуге; 1713475,5 (бip миллион жетi жүз он үш мың төрт жүз жетпiс бес бүтiн оннан бec) теңге - қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде 3 тәулiкке арналған есеппен отбасының әрбiр мүшесiне тәуліктік шығыстарына ақы төлеуге; 220398432 (екi жүз жиырма миллион үш жүз тоқсан сегiз мың төрт жүз отыз екi) теңге - жылжымайтын мүлiктiң бағалау құны Оңтүстiк Қазақстан облысында басқа тұрғын үй сатып алуға немесе салуға мүмкiндiк бермейтiн отбасыларына тұрғын үй салуға; 286492285,5 (екi жүз сексен алты миллион төрт жүз тоқсан екi мың екi жүз сексен бес бүтiн оннан бec) теңге - коммерциялық объектiлерге өтемақыға. Айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi 2004 жылдың көрсеткiшiне сәйкес есептелсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|