| ||||||||||||||||||||
|
|
|
«Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге республикалық меншікке беру туралы» (2025.26.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Меншік иесі - «Юбилейное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «Юбилейное» ЖШС) Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге (бұдан әрі - су қоймасы) республикалық меншікке қайтарымсыз беру туралы ұсынысымен келісілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті: 1) «Юбилейное» ЖШС-мен су қоймасын республикалық меншікке беру туралы шарт жасассын; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен су қоймасын республикалық меншікке қабылдау жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын; 3) су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қарағандысушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілсін. 3. ҚР Үкіметінің 2025.26.08. № 681 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |