|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде: 1-тармақтағы "Білім беру ұйымдарының" деген сөздер "Заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ 5) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) меншікті оқу-материалдық базасының болуы"; 17, 18, 19, 20-тармақтар 4) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы"; 21, 22-тармақтар 7) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы"; 1) тармақшада: төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы "30" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы "25" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын; он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшада: үшінші абзацтағы "іргелі және қолданбалы" деген сөздерден кейін ", әсіресе, ғылым немесе мәдениет салаларының біреуінде" деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы "40" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы "30" деген сандар "35" деген сандармен ауыстырылсын; он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын; 3) тармақшада: төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы "35" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын; он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |