|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жығы 13 қазандағы № 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын; бүкіл мәтін бойынша», білім және спорт» деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтың екінші абзацы «алмай-ақ» деген сөзден кейін «және коммуналдық төлемдер өтелмей» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың екінші абзацы «мамандықтары бойынша» деген сөздерден кейін», 2006/2007 оқу жылынан бастап «стоматология» және «шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде: «Қазақ мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық психиатриялық ауруханасы; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық онкологиялық диспансері; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық тері-венерологиялық диспансері; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық туберкулезге қарсы диспансері; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № 2 қалалық ауруханасы; Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық перинатальдық орталығы; Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық балалар ауруханасы; Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай перзентханасы; Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері; Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық тері-венерологиялық диспансері; Қостанай облысы әкімдігі Қостанай қаласының жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы; Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай қалалық ауруханасы»; «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айқап» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы»; «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиникалық базалары: «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан қалалық орталық ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан қалалық балалар ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан туберкулезге қарсы диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан тері-венерологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық орталық клиникалық ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық перзентханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық туберкулезге қарсы диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау тері-венерологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық психо-неврологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық клиникалық ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің психоневрологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық офтальмологиялық ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық эндокринологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық туберкулезге қарсы диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық балалар ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық тері-венерологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық онкологиялық диспансері; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 2 балалар ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 5 емханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 3 балалар емханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының Оңтүстік Қазақстан филиалы». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |