|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 209-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы Бағдарламаның іске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есімовке жүктелсін."; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында: "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде: реттік нөмірлері 1.2, 1.3 және 2.2-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 1.4-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратмині" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиісінше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 2.3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "2.3 Теледидар және/немесе радио Норма- МАСМ 2005 Талап хабарларын таратуды тивтік жылғы етіл- ұйымдастыру жөніндегі құқық- 4- мейдi қызметті лицензиялау кезінде тық тоқсан қойылатын біліктілік кесімнің талаптары жобасы "; реттік нөмірлері 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8 және 3.9-жолдарда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратмині" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертудің 2-тармағының бірінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;"; "ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |