|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 және 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 40 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 587-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде: «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолдың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен: 2005 жылы - 276230,5 млн. теңге; 2006 жылы - 341203,4 млн. теңге; 2007 жылы - 363736,9 млн. теңге; жергілікті бюджеттен: 2006 жылы - 6519,0 млн. теңге; 2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.»; «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген III бөлімде: «Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімнің оныншы абзацындағы «зейнетақылар мен жәрдемақылардың және басқа да әлеуметтік төлемдердің ең төмен мөлшерін» деген сөздер «мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды» деген сөздермен ауыстырылсын; «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру» деген 3.2-кіші бөлімде: «Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі деңгейі» деген 3.2.1-тарауда: «- жерлеуге арналған мемлекеттік жәрдемақы (тек негізгі әлеуметтік төлемдер алушылар үшін).« деген алтыншы абзац алынып тасталсын; тоғызыншы абзацтағы «2006 жылдан» деген сөздер «2005 жылғы 1 маусымнан» деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы абзацта: «2006» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын; «күнкөріс минимумының (КМ) 20%-тен 25%-ке дейінгі» деген сөздер «3000 теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; «Негізгі әлеуметтік қатерлерді әлеуметтік сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы, еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу)» деген 3.2.2-тарауда: «А» тармағының «- міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең көп табыстың мөлшерін ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен алпыс еселенген мөлшеріне дейін азайту» деген тоғызыншы абзацы алынып тасталсын; «Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру» деген 3.2.3-кіші бөлімде: «А» тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «А. Балалы отбасыларға бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы төлеміне қосымша: 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - жан басына шаққандағы орташа кірісі азық-түлік себетінің құнынан төмен, аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы; 2006 жылғы 1 шілдеден бастап - отбасының кірісіне қарамастан, бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы төленетін болады. Жәрдемақы мөлшері балалардың санына қарай сараланып белгіленетін болады.»; «В» тармағының «- әлеуметтік көмектің әр алуан түрін алуға үміткер адамдар үшін жиынтық табысты есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленетін (тұрғын үй көмегі, АӘК, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы);» деген yшінші абзацы алынып тасталсын; «Г» тармағы «жәрдемақы» деген сөзден кейін «және жерасты әрі ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы» деген сөздермен толықтырылсын; «Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген IV бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен: 2005 жылы - 276230,5 млн. теңге; 2006 жылы - 341203,4 млн. теңге; 2007 жылы - 363736,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен: 2006 жылы - 6519,0 млн. теңге; 2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.»; «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары» деген VI бөлімде: «2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру» деген бөлімде: «2.1. Әлеуметтік қамсыздандырудың базалық деңгейі» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 2.1.1-жолдың 6-бағанындағы «2005 ж. - 13128,7; 2006 ж. - 44372,1; 2007 ж. - 55508,6» деген сандар «2005 ж. - 82483,0; 2006 ж. - 121371,2; 2007 ж. - 126636,7» деген сандармен ауыстырылсын; «2.2. Негізгі әлеуметтік тәуекелдерді сақтандыруды дамыту» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 2.2.1-жолдың 6-бағанындағы «2005 ж. - 9490,0; 2006 ж. - 15933,7; 2007 ж. - 19016,7» деген сандар «2005 ж. - 180050,6; 2006 ж. - 193348,2; 2007 ж. - 199757,5» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 2.2.2-жолдың 2-бағанындағы «- міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың мөлшерін азайту бойынша» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 2.2.5-жолдың 6-бағанындағы «Бөлінетін қаражат шегінде» деген сөздер «2006 ж. - 250,0; 2007 ж. - 249,8» деген сандармен ауыстырылсын; «2.3. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 2.3.1 -жолдың 6-бағанында: «2007 ж. - 15291,0» деген сандар «2006 ж. - 6339,7; 2007 ж. - 14335,8» деген сандармен ауыстырылсын; «Бөлінетін қаражат шегінде (атаулы әлеуметтік көмекке арналған қаражатты азайту есебінен)» деген сөздер «2006 ж. - 6519,0; 2007 ж. - 6910,1» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 2.3.3-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 2.3.6-жолда: 2-баған «мүгедектері» деген сөзден кейін «, кәмелетке толмаған, бірге тұратын 4 немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе І және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар» деген сөздермен, «жәрдемақылардың мөлшерін» деген сөздерден кейін «2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 4000 теңгеге дейін» деген сөздермен толықтырылсын; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: «2005 жылғы І тоқсан, 2006 жылғы І тоқсан»; 6-бағандағы «2005 ж. - 2791,1; 2006 ж. - 2338,4; 2007 ж. - 1854,6» деген сандар «2005 ж. - 12582,3; 2006 ж. - 19891,4; 2007 ж. - 20716,9» деген сандармен ауыстырылсын; «4. Әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру» деген бөлімде: 4.2-кіші бөлімдегі 4-бағандағы «МСА» деген аббревиатура «Қаржымині» деген сөзбен ауыстырылсын; «6. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін басқаруды жетілдіру» деген бөлімде: «6.3. Кадрмен қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 6.3.2-жолдың 6-бағанындағы «2006 ж. - 5,3; 2007 ж. - 5,6» деген сандар «2006 ж. - 2,9; 2007 ж. - 3,1» деген сандармен ауыстырылсын; ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік бюджеттен барлығы - 994599,9 млн. теңге қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен: 2005 жылы - 276230,5 млн. теңге; 2006 жылы - 341203,4 млн. теңге; 2007 жылы - 363736,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен: 2006 жылы - 6519,0 млн. теңге; 2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.»; 2) «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген абзацта: «35688» деген сандар «35,7» деген сандармен ауыстырылсын; «182500» деген сандар «182,5» деген сандармен ауыстырылсын; «Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде: «35688» деген сандар «35,7» деген сандармен ауыстырылсын; «182500» деген сандар «182,5» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімнің кестесінде: реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағанындағы «2-тоқсан» деген сөздер «4-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 3-жолдың 6-бағанындағы «35688», «182500» деген сандар тиісінше «35,7», «182,5» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 12-жолдың 5-бағанындағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |