«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік
қоғамының қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 ақпандағы № 18-ө Өкімі
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамының қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшi |
Балиева Зағипа Яхияқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, жетекшінің Орынбасары |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары |
Шаймарданова Динара Қайырбекқызы | - «Самұрық» мемлекеттік активтердi басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" акционерлік қоғамы атқарушы директоры міндетін атқарушының кеңесшісі, хатшы |
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi |
Мамин Асқар Ұзақбайұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегi қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамы атқарушы директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша). |
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 13 ақпанға дейін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" акционерлік қоғамының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нақты ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен жұмыс тобының құзыретіне енетін мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажетті ақпарат сұрату құқығы берілсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |