|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 807-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына; 2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне; 3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне; 4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.«; 2-тармақ «құқыққа қайшы» деген сөздерден кейін «мүліктік» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақ «көзделген» деген сөзден кейін «мүліктік» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақ «өзге де» деген сөздерден кейін «мүліктік» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.«; 5-тармақтағы «(келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру)» және «(шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру)» деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.«; 2-тармақтағы «Сақтандыру жағдайы» деген сөздердің алдынан «Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын; 3 және 5-тармақтардағы «Аннуитет шарты» деген сөздер «Аннуитеттік сақтандыру шарты» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 810-812-баптар алып тасталсын; 5) 816-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 6) 818-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «немесе аннуитет» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын; 5-тармақ алып тасталсын; 8) 820-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.«; 9) 824-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «қайта сақтанушының және қайта сақтандырушының» деген сөздер «қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;»; 4) тармақша алып тасталсын; 11) 825-1-баптың 2-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;»; 14) тармақша алып тасталсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) қосымша талаптар болуға тиіс.«; 12) 826-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі. Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.«; 13) 826-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтанушы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарнасын төлеу талаптарын қатарынан екі рет сақтамаған жағдайда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттігі туралы хабардар етуге міндетті.«; 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын; 3-тармақтың екінші бөлігінде «айтарлықтай» деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылса және сақтандырушы сатып алу сомасын төлеген болса, сақтандырушы мұндай шарттың қолданылуын қалпына келтіруден бас тартуға құқылы.«; 15) 830-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етудің өзге де талаптары мен тәртібі көзделуі мүмкін.«; 16) 839-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «(осы Кодекстің 811 және 812-баптары)» деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Бұл ретте міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өзі кепілдік берген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындайды;»; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) уәкілетті органның сақтандырушының epiкті таратылуына pұқcат беру туралы шешімі күшіне енгізілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады.«; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Егер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы шарт жасасқан күннен бастап он төртінен отызына дейінгі кезеңде оны біржақты тәртіппен бұзса, онда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының сомасынан алынған жиырма проценттен аспайтын, сақтандырушы көтерген шығыстар шегеріле отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушыға қайтаруға міндетті.»; 1-тармақтың екінші бөлігіндегі: «6) тармақшасында» деген сөздер «6) және 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; «сақтанушыдан алынған сақтандыру жарналары толық көлемде қайтарылуға тиіс» деген сөздер «сатып алу сомасы шартта белгіленген мөлшерде қайтарылуға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «1-тармағында» деген сөздер «1 және 1-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша «құқыққа қарсы» деген сөздерден кейін «мүліктік» деген сөзбен толықтырылсын; 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын; 1-тармақта «өз мүлкін және осы Кодекстің 809-бабының 2-тармағында аталған өзге де мүліктік мүдделерді» деген сөздер «осы Кодекстің 807-бабының 1-тармағында аталған өзінің мүліктік мүдделерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мүлкін және өзге де» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы «мүлкін және» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақ алып тасталсын. 2. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат): 1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын не сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленуі мүмкін.». 3. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.»; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;"; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыс болған уақытында қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай түрде және (немесе) натуралды-заттай нысанда көмек көрсетуі;"; он алтыншы абзац алып тасталсын; он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «қайта сақтандыру - өздерінің арасында жасасқан қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар;"; жиырма бірінші абзац алып тасталсын; жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «өздігінен ұстап қалу - жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе цедент сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебіне жауапты болады;"; жиырма жетінші абзац «сақтандыру» деген сөзден кейін»(қайта сақтандыру)»деген сөздермен толықтырылсын; жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «сақтандыру агенті - берілген өкілеттігіне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; сақтандыру брокері - сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушыны білдіретін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;"; мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын: «сақтандыру портфелі - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;"; 3) 4-баптың 1-тармағындағы «заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға» деген сөздер «заңды мүліктік мүдделерін қорғауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 5-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын: «5-1-бап. Қазақстан Республикасы резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы 1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады. 2. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға жол беріледі. 3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместері пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.»; 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «сақтандыру» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: «3) өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру; 4) сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру; 2) ауырған жағдайдан сақтандыру; 3) автомобиль көлігін сақтандыру; 4) темір жол көлігін сақтандыру; 5) әуе көлігін сақтандыру; 6) су көлігін сақтандыру; 7) жүктерді сақтандыру; 8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру; 9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 13) заемдарды сақтандыру; 14) ипотеканы сақтандыру; 15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру; 16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру; 17) сот шығыстарынан сақтандыру. 4. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»; 6-тармақ «қосымша талаптар» деген сөздерден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 2. Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерінің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.»; мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 2-2. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру не сақтандыру сомасын ұлғайту арқылы алатын табысқа сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етіле отырып, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда тіркелген сомада сақтандыру төлемін немесе зейнетақы немесе рента түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алатын кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»; 3-12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай). 4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 6. Жүктерді сақтандыру жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 7. Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлікті қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көзделген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшінші тұлғаларға өзі көлік құралын пайдалануға байланысты келтірген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады. 12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.»; мынадай мазмұндағы 13-15-тармақтармен толықтырылсын: «13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. 15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.»; 8) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған сақтандыру сыныптары шегіндегі тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен, сондай-ақ сақтандырудың міндетті нысанындағы тиісті сыныптарды біріктіре алмайды.»; 9) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет 1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс. 2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады. 3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болғанда ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы. 4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана «жалпы сақтандыру» саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы. 5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана «өмірді сақтандыру» саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы. 6. Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |