Ықтимал өнім берушімен ұсынылатын конкурстық құжаттарға қойылатын талаптармен конкурстық өтінімдерді қолдану, табыс етілу, өзгертілу және кері қайтарылуы
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алу туралы конкурсқа қатысуда құқықтарын заңмен қорғау» туралы тақырыпта өткізілетін дөңгелек столда талқыланатын, өнім берушімен тендерге қатысу үшін берілетін конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптар, конкурстық өтінімдердің жарамдылық мерзімі, табыс етілуі, өзгертілуі және кері қайтарып алыну мерзімі бойынша және олардың құқықтық салдарлары туралы мәселелерге жан-жақты дайындалу Алматы облыстық сотынан қатысатын өкілге жүктелген. Сондықтан да, осы жоғарыда аталған кең көлемді тақырыптың бізге бекітілген саласын талдай келе төмендегідей тұжырым жасаймын. Сөз басында айтыла кететін жай талкыланатын тақырыппен байланысты Алматы облысы соттарында (мамандандырлған экономикалық сотында) тек бір ғана іс қаралған, сол себептенде бұл мәселе барысында облыста айтарлықтай сот тәжірбиесінің қалыптаспағанын айта кету керек. Қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға арналған құжаттар мен конкурстық өтінімді дайындау, ҚР мемлекеттік сатып алу Агентства төрағасының 31.10.2002 жылғы № 8 бұйрығымен бекітілген, ықтимал өнім берушіге ұсынылатын біртекті конкурстық құжаттар негізінде конкурсты ұйымдастырушымен дайындалады, керек болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы, әр саланың ерекшелігіне қарай отырып конкурстық құжатты үйлестіріп бекітеді. Ұйымдастуршымен ықтимал өнім берушіге ұсынылатын конкурстық құжат «Мемлекеттік сатып алу» туралы ҚР Заңының (бұдан ары - Заң) және «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдасырумен өткізу Ережесінің» (бұдан ары -Ереже) талаптарына сай болуы тиіс. Конкурстық құжаттар ықтимал өнім берушінің мекен жайына хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде жолданып, сатылынып алынатын тауар, қызмет, жұмыс және өткізілетін конкурстың түріне қарай түсініктемелер беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|