|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 15 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 14 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын: "113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу 1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тініне қатысты заңсыз мәмілелер жасау - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттер: а) кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі адамға қатысты; б) кәмелетке көрінеу толмаған адамға қатысты; в) екі немесе одан да көп адамға қатысты; г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен; д) бірнеше рет; е) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; ж) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты; з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен; и) өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып; к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; үшінші бөліктің б) тармақшасындағы "нәпсіқұмарлық немесе өзге" деген сөздер алып тасталсын; ескертулер мынадай редакцияда жазылсын: "Ескертулер. 1. Ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп, кінәлінің алынған табыстарды иеленіп алуы мақсатында мәжбүрлі еңбекті, басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сонымен бірдей оның өзіне байланысты емес себептер бойынша жұмыстарды немесе қызметтерді орындаудан бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы түсініледі."; екінші бөліктің з) тармағындағы "ниетте жасаса -" деген сөздер "ниетте;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы и) тармағымен толықтырылсын: "и) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалса,-"; үшінші бөліктің б) тармағында "нәпсіқұмарлық немесе өзгедей" деген сөздер алып тасталсын; 4) 128-бап мынадай редакцияда жазылсын: "128-бап. Адамды саудаға салу 1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау - мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттер: а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен; б) бірнеше рет; в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы; г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; д) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты; е) екі немесе одан да көп адамға қатысты; ж) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында; з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен; и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып; к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, - мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер: а) ұйымдасқан топпен жасалса; б) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 5) 133-бап мынадай редакцияда жазылсын: "133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу 1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау - мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттер: а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен; б) бірнеше рет; в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы; г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; д) екі немесе одан да көп адамға қатысты; е) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында; ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен; з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып; и) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында; к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу - мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер: а) ұйымдасқан топпен жасалса; б) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - мүлкін тәркілеп он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 6) мынадай мазмұндағы 275-1-баппен толықтырылсын: "275-1-бап. Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу 1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адам мәйітінің органдарын немесе тінін заңсыз алу сол сияқты адам мәйітінің органдары мен тініне қатысты мәмілелер жасасу - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттер: а) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен; б) бірнеше рет; в) өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасалғанда, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.". 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 192-баптың екінші бөлігінде: "128-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "128-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын; «275-бабында (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «275-1-бабында (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 285-баптың екінші бөлігі «275 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «275-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 17 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 28 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 31 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 15 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 14 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын: "56-бап. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру 1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіруді судья осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген тәртіп пен негіздер бойынша әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданады. 2. Егер әкімшілік іс жүргізу барысында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру түріндегі әкімшілік жазалау шарасы қолданылуы мүмкін адам, өзіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 185-бабында белгіленген тәртіппен хабарлама немесе өтініш бойынша шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырылады."; 2) 396-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында: "(жасырын иммигранттарды)" деген сөздер алып тасталып, "қабылдауы," деген сөзден кейін "заңсыз иммигранттардың еңбегін пайдалануы," деген сөздермен толықтырылсын; "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 399-баптың бірінші абзацында "бұза отырып" деген сөздерден кейін ", сол сияқты жөнсіз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексіз ақпарат беріп" деген сөздермен толықтырылсын; 4) 552-бапта "және демография" деген сөздер алып тасталсын; 5) 575-баптың бірінші бөлігі "392," деген цифрдан кейін "394 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын; 6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: он бірінші абзацта "және демография" деген сөздер алып тасталсын; отыз жетінші абзац "393" деген цифрдан кейін ", 394" деген цифрмен толықтырылсын; 7) 648-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы "байланысты" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 56-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат): 4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы наурыздың 2-сі. № 131-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |