Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және
Осы редакция 2006 ж. 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайлар қызметтерiн көрсетуге арналған үлгi шартта: 4-тармақ алынып тасталсын; 2) "Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат): тақырыптағы және 1-тармақтағы "табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер "мемлекет реттейтiн баға қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерiнiң тiзбесiнде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасы"; мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: "3. Әуе кемесiне негiзгi әуеайлақта тұру орнын беру жөнiндегі қызметтер. 4. Жолаушыларды тiркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі қызметтер. 5. Әуе кемесіне тұру орнын 1.11-тармақта белгіленген уақыттан тыс беру жөніндегі қызметтер.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|