Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 203 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды
Кілемдер мен кілем бұйымдарын отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерінде:
мына:
«4819-дан | Қағаздан, картоннан, целлюлоза талшықтарының мата емес материалдарынан жасалған қораптар, қаптар, сөмкелер, кіші пакеттер және басқа да ыдыстар | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар тауар позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: |
«5701 | Өрнекті кілемдер және өзге де дайын немесе дайын емес еденге төсейтін тоқыма жабындылар | Тоқымашылық, жайманың түгін қырқу, аппреттеу, бұйымның шетін көмкеру. Бұл ретте пайдаланылатын материалдар 5702, 5703, 5704, 5705 00 позицияларынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс, ал олардың құны түпкіліктi өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс |
5702 | Мата кілемдер және «кілемді», «шумақты», «кермені» және қолдан жасалған осыған ұқсас кілемдерді қоса алғанда, өзге де дүрияландырылмаған немесе флокирлендірілмеген, дайын немесе дайын емес еденге төсейтін тоқыма жабындылар | Тоқымашылық, жайманың түгін қырқу, аппреттеу, бұйымның шетін көмкеру. Бұл ретте пайдаланылатын материалдар 5701, 5703, 5704, 5705 00 позицияларынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс, ал олардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс |
5705 00 | Кілемдер және дайын немесе дайын емес еденге төсейтін өзге де тоқыма жабындылар | Тоқымашылық, жайманың түгін қырқу, аппреттеу, бұйымның шетін көмкеру. Бұл ретте, пайдаланылатын материалдар 5701, 5702, 5703, 5704 позицияларынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс, ал олардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс ». |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |