Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан
Осы редакция 2006 ж. 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкiлi болып тағайындалсын. 2. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлi мiндетiнен босатылсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына: 1-тармақта: 3) тармақшаның екiншi абзацында "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздер "Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшаның екiншi абзацында "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздер "Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi № 643 қаулысына: 1-тармақ алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
|