«Инвестициялық салықтық преференцияларды қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы»
Осы редакция 2006 ж. 27 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Мойнақ су электр станциясын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Мойнақ СЭС" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін: корпорациялық табыс салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) жыл; мүлік салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) жыл; жер салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) жыл. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|