«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы
№ 305-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 97-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 407 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 305-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
жұмыс тобының құрамына:
Yмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрі, жетекшінің орынбасары |
енгізілсін;
мына:
«Қайсенова Гүлжихан Қабділқайырқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекақы төлеу департаменті директорының орынбасары, хатшы»; |
«Әшірова Нұриа Кенжаханқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаменті денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы»; |
«Көпжасарова Бибігүл Амангелдіқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi Экономика және қаржы департаментінің директоры»; |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайсенова Гүлжихан Қабділқайырқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментi директорының орынбасары, хатшы»; |
«Әшірова Нұриа Кенжаханқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаменті директорының орынбасары»; |
«Көпжасарова Бибігүл Амангелдіқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры»; |
жұмыс тобының құрамынан Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы, Хасенов Аян Долдашұлы шығарылсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |