«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алуды одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық тексерістеріндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» № 12 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2744 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 54 өзгерістермен 2004 ж. 916-бабының № 13-16 жария етілген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: атауында және 1 тармақта "барлық ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы" сөзі "есепке алу" сөзімен ауыстырылсын; осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің барлық тексерістеріндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы Нұсқаулықта: атауы және 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: "Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулық"; бірінші беттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтінде 3-тармақ бірінші азат жолынан соң келесі мазмұндағы екінші азат жолымен толықтырылсын: "Аталған есепке алу объектілері әділет органдарында бекітілген тәртіпте тіркелген және (немесе) салық органдарында есепке алынған жеке және заңды тұлғалар болып табылады."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|