|
|
|
Жоба Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
ҚР Үкіметінің 2006.12.04. № 273 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 200-III ҚР Конституциялық Заңын қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат): 1) 11-баптың 6-тармағындағы "шешімдер қабылдайды" деген сөздер "қаулылар шығарады" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 13-бапта: 1-тармақтағы "жеке", "дара сипатты" деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтағы "заң күшіне енгізу" деген сөздер "қолданысқа енгізу" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат): 9-баптың 10) тармақшасында "Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау жөнінде" деген сөздер "заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға" деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |