|
|
|
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі
ҚР Үкіметінің 1999.04.29. № 498 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі № 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 429-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының атауындағы «Мемлекеттік» сөзі «республикалық» сөзімен алмастырылсын және «ведомствоаралық» сөзі алынып тасталсын. 1-тармақ мынадай редакцияда берілсін: «1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан дайындаушы фирмалардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан түскен тіркеу жарналары қаражатының есебінен толық шаруашылық есептегі және өзін-өзі ақтайтын Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін және орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия құрылсын»; 3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда берілсін: «Оған жүктелген міндеттері шешу үшін зерттеу шарттық негізде жүргізілсін. Шарттық негізде ақпараттық-құқықтық сипаттағы ақылы қызметтер көрсетілсін. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражатты жұмсау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып жүзеге асырылады»; 4-тармақ мынадай редакцияда берілсін: «4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі белгіленген комиссия туралы Ережені әзірлеп, бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекітуіне ұсынсын»; мынадай мазмұндағы жаңа тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетіне комиссияның жұмыс аппаратын орналастыру үшін үй-жай (100 м2 кем емес) бөлу тапсырылсын». 2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: «Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі № 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 429-құжат) қосымша; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі № 608 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы № 630 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 25, 270-құжат).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |