|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесінде: 1-тармақ «Кәсіптік орта білім мамандықтары» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «1804002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері; 1811002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау; 1813002 Гидрогеология және инженерлік геология; 1814002 Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және оларды барлау; 1816002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы.»; 2-тармақ «Кәсіптік жоғары білім мамандықтары» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «050706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (бакалавриат); 6N0706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (магистратура); 051003 Танк әскерлерінің командалық тактикасы; 051004 Әуе десанты әскерлерінің және әскери барлаудың командалық тактикасы; 051005 Артиллерияның командалық тактикасы; 051006 Автомобиль әскерлерінің командалық тактикасы; 051007 Броньды танк қару-жарағы мен техникасы; 051008 Инженерлік әскерлердің командалық тактикасы; 051009 Тәрбие құрылымдарының офицерлері; 051010 Әскерлерді заттай қамтамасыз етудің командалық тактикасы; 051011 Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етудің командалық тактикасы; 051012 Сұйық отынмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы; 051013 Мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикасы; 051029 Ұшу аппараттарын пайдалану; 051030 Авиацияның штурмандық тактикасы, ұшу аппараттарын пайдалану; 051031 Авиацияны жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы; 051032 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану; 051033 Авиациялық қару-жарақ; 051034 Авиациялық электрлендірілген пилотаж-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану; 051035 Авиациялық радиоэлектрондық жабдық; 051018 Радиобайланыс және радионавигация; 051019 Байланыс желілері және коммутация жүйелері; 051020 Радиотехника.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |