|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 573 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу рәсімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 22, 270-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінде: 1-тармақта «ғылым» деген сөзден кейін «кандидаты,» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар тапсыру және конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу мерзімін жыл сайын жұмыс органы айқындайды. Жұмыс органы конкурс өткізгенге дейін ресми баспасөзде оның басталуы туралы хабарландыру жариялайды, ұсынылатын құжаттарды осы Ереженің 2, 3-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келу мәніне зерделейді. Құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы екі апта мерзімде үміткерді бас тарту себептері туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, құжаттарды қараудан бас тартады."; бірінші абзацта "шетелдік сараптама комиссияларының" деген сөздер "тәуелсіз сараптама комиссияларының (бұдан әрі - сараптама комиссиясы)" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта "стипендияның" деген сөз "Болашақ" стипендиясының" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта "шетелдік жоғары оқу орнының оқу жоспарында көзделген мерзімде" деген сөздер "шетелдік жоғары оқу орнында" деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацта "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "18 жасқа толған" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша "жоғары оқу орындарда" деген сөздер "соңғы курста оқитындарды қоспағанда, республиканың жоғары оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшада "жарияланған рейтингтерге сәйкес үздік көрсеткіштері бар," деген сөздер "халықаралық рейтингілер негізінде жұмыс органы айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) осы Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін оқып жүрген мамандығы шетелде оқу үшін таңдаған мамандығына ұқсас болуға тиіс;"; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталған оқыту тілін (ағылшын, неміс, француз және басқалары) меңгеруі (білуі)."; екінші абзац "орташа баллы" деген сөздерден кейін "бүкіл оқу кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың ағымдағы үлгерімінің орташа баллы немесе оның шетелдік баламасы кемінде 4,5 болуы қажет. Олар конкурсқа ҰБТ-ден немесе кешенді тестілеуден өткендігі туралы талап ескерілмей қатысады."; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: "7-1. Оқыту тілін меңгерудің (білудің) ең төменгі деңгейін шетелдік жоғары оқу орындары белгілеген талаптар негізінде жұмыс органы айқындайды."; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;"; екінші абзацта "/немесе" деген сөз алынып тасталсын; үшінші абзац алынып тасталсын; 3-тараудың тақырыбында "ғылым" деген сөзден кейін "кандидаты," деген сөзбен толықтырылсын; 1) тармақша "35" деген сандардың алдынан "18-ден" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада "жарияланған рейтингтерге сәйкес үздік көрсеткіштері бар" деген сөздер "халықаралық рейтингілер негізінде жұмыс органы айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы бойынша мамандығы шетелде оқу үшін таңдаған мамандығына ұқсас болуға тиіс;"; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталған оқыту тілін (ағылшын, неміс, француз және басқалары) меңгеруі (білуі)."; үшінші абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. Оқыту тілін меңгерудің (білудің) ең төменгі деңгейін шетелдік жоғары оқу орындары белгілеген талаптар негізінде жұмыс органы айқындайды."; 3) тармақшада "/немесе" деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы тиісті ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;"; екінші абзацта "/немесе" деген сөз алынып тасталсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесіне үміткер жоғарыда санамаланған құжаттарға қосымша міндетті түрде ғылым кандидаты, докторы (Рh.D) дәрежесін алуға оқу үшін шетелдік жоғары оқу орнының шақыру қағазын, шетелдік жоғары оқу орны бекіткен оқудың және жұмыстың кеңейтілген жоспарын, сондай-ақ өз мақалаларының тезистерін, ғылыми жарияланымдарының, оқу-әдістемелік әзірлемелерінің тізбесін ұсынады."; төртінші абзац алынып тасталсын; бесінші абзацта "еркін" деген сөз алынып тасталсын; 13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "13. Конкурс екі турдан тұрады. Бірінші турға осы Ереженің 2, 3-тарауларында айтылған талаптарға сәйкес келетін үміткерлер қатыса алады. 14. Конкурстың бірінші турын үміткердің тілді меңгеру (білу) дәрежесін, жалпы білім және/немесе кәсіби даярлық деңгейін айқындау мақсатында жыл сайын тәуелсіз сараптама комиссиясы өткізеді. Сараптама комиссияларының дербес құрамы мен жұмыс тәртібін жыл сайын мүдделі жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың келісімі бойынша жұмыс органы бекітеді. 15. Бірінші турда сараптама комиссиясы тестілеу және әңгімелесу жолымен үміткердің тілді меңгеру (білу) дәрежесін шетелдік жоғары оқу орындары талаптарының негізінде оларда оқу үшін жұмыс органы белгілеген тиісті білім деңгейлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкестік мәніне тексереді. Тестілеу нәтижелері ресми сертификаттар немесе қорытындылар түрінде ресімделеді. Тілді меңгеру (білу) дәрежесін айқындауға арналған тестілеуге және әңгімелесуге қатысудан мынадай: осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында және 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген; шетелдік жоғары оқу орындары белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда тілдік тестілерді тапсырғаны туралы ресми сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс еткен тұлғалар босатылады. Тестілеу және үміткерлермен әңгімелесу нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы әрбір үміткердің тілді меңгеру (білу) дәрежесі туралы дербес қорытынды береді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуға үміткерлерге дербес қорытындыда қосымша бір-екі семестрлік тілдік даярлықтан өтуге ұсынымдар берілуі мүмкін. Сараптама комиссиясы үміткерлердің жеке істерін қарайды, үміткерлердің таңдалған оқу бағыты бойынша даярлығын айқындау мақсатында жеке әңгімелесу және тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, психологиялық тестілеу жүргізеді. Бірінші тур аяқталғаннан кейін шет тілін меңгерудің (білудің) айқындалған дәрежесінің, үміткерлермен өткізілген әңгімелесудің және психологиялық тестілеудің нәтижелеріне сәйкес сараптама комиссиясы жұмыс органына әрбір үміткер бойынша жазбаша түрде дербес қорытынды ұсынады. 16. Бірінші тур өткізілгеннен кейін жұмыс органы үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін екінші турға енгізеді."; бірінші абзацта "ғылым" деген сөзден кейін "кандидаты," деген сөзбен толықтырылсын; екінші абзацта: "игермеген жағдайда," деген сөздерден кейін "шетелдік жоғары оқу орнының ұсынымдары негізінде" деген сөздермен толықтырылсын; "шет тілін оқуға" деген сөздер "оны шетелде даярлауға және оқытуға" деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацта "стипендиатпен" деген сөзден кейін "оқуды ұйымдастыру туралы" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац алынып тасталсын; 21-тармақта "серіктестерге" деген сөзден кейін "немесе шетелдік жоғары оқу орындарына" деген сөздермен толықтырылсын; 22-тармақта "сомасын" деген сөзден кейін "оқуды ұйымдастыру туралы шартта көзделген мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |