Жоба
Қазақстан Республикасының 3аңы
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы
ҚР Үкіметінің 2006.26.05. № 460 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, ұлттық экономиканың тиімді жұмыс істеуіне арналған жағдайларды қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікке қарсы келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге), үстем жағдайды теріс пайдалануға, шамадан тыс экономикалық шоғырлануға тыйым салу, шектеу және бақылау жолымен әділ және еркін бәсекелестікке ықпал етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңның мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ақпарат - кез келген жеткізгіштерде сақталған, кез келген нысандағы және түрдегі мәліметтер (оның ішінде хат-хабарлар, кітаптар, белгілер, суреттеулер (карталар, диаграммалар, суреттер, схемалар және сол сияқты), фотосуреттер, голограммалар, кино-, бейне-, микрофильмдер, дыбыс жазбалары, компьютер жүйелерінің дерекқорлары немесе олардың элементтерін толық не ішінара жаңғырту), тұлғалардың түсініктемелері және басқа да кез келген көпшілікке жария етілген немесе құжатталған мәліметтер; бәсеке - рынок субъектілерінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар өндіруді ынталандыратын жарыстастығы; бірін бірі алмастыратын тауарлар - олардың функционалдық қызметі, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, сондай-ақ басқа да өлшемдері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы оларды тұтыну процесінде (өндірісте) бір-бірімен алмастыратын тауарлар тобы; монополистік қызмет бәсекелестікке, сондай-ақ үстем жағдайды асыра пайдалануға жол бермеуге, шектеуге және жоюға бағытталған нарық субъектілерінің, мемлекеттік орындардың осы Заңға қайшы іс-әрекеттері (әрекетсіздігі); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|