|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1148 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 3-тармақта: екінші абзац «уран мен оның құрамаларын» деген сөздерден кейін «сирек кездесетін металдарды» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: «сирек кездесетін металдардың экспортын және импортын; уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетін металдарды өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлауды және өндіруді;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |