Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 63 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 528 өкімімен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 21-тармағын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 3-тармақтағы «Мәдениет» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: үшінші абзацтағы «Мәдениет» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзац мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізуді жүзеге асыру.»; 4-бөлімнің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізуді жүзеге асыру;»; 5-бөлімнің 5.1-кіші бөлімінде: «Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында» деген тарауда: бірінші абзацтағы «мәдениет» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Мемлекеттік тілді елдің мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу салаларында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметінде қолдану жөніндегі шараларды жүзеге асыру және қабылдау қажет.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|