|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ережеде: 8-тармақтың екінші абзацы «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «және Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Үйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақтағы «оның отырысқа қатысушы» деген сөздер «міндетті түрде оның барлық» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамында: мыналар енгізілсін:
«Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары» деген жолдағы «төрағаның орынбасары» деген сөздер «төрайым» деген сөзбен ауыстырылсын; «Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі» деген жол «, төрайымның орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы, Айсина Майра Арапқызы, Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы, Исаев Батырхан Арысбекұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |