|
|
|
Қазақстан Республикасының
Заңды іске асыру мақсатында, қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 108-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргізгені үшін төленуге тиіс сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап, не өзіне сот осындай міндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізеді.»; 2) 109-баптың бірінші бөлігіндегі «депозиттік шоттан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 166 және 177-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу, - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау және республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану 1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) мынадай мазмұндағы 177-1, 177-2, 177-3 және 177-4-баптармен толықтырылсын: «177-1-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 177-2-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 177-3-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 177-4-бап. Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 571-баптың бірінші бөлігі, екінші бөлігінің 2) тармақшасы «177,» деген цифрлардан кейін «177-1, 177-2, 177-3, 177-4,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жиырма үшінші, қырық үшінші абзацтары «177,» деген цифрлардан кейін «177-1, 177-2, 177-3, 177-4,» деген цифрлармен толықтырылсын. 3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат): 1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.»; 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) кепілдік берілген трансферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарылмайтын түсімдер;»; 14) тармақша «дамудың» деген сөзден кейін «стратегиялық және» деген сөздермен толықтырылсын; Алтыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 16) тармақша алып тасталсын; 17) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын: «17-1) индикаторлар - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық көрсеткіштер; 17-2) шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджет түсімдерінен құралған бюджет;»; 23) тармақша «(секторларының)» деген сөзден кейін «стратегиялық және» деген сөздермен толықтырылсын; 25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «25) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын пайдаланатын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлігінде жеке және заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететін, оның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде қаржылық қызметтер көрсететін тұлғалар;»; 26) тармақшадағы «аймақтың (аумақтың) әлеуметтік-экономикалық дамыту» деген сөздер «өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) тармақша: «нақтыланған» деген сөзден кейін «республикалық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын; «ескере отырып» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қаржы жылы ішінде бөлуді ескере отырып» деген сөздермен толықтырылсын; 29) тармақша алып тасталсын; 36) тармақша «бюджеттерді» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамалық актілері жобаларының ережелері бюджеттің түсімдеріне, шығыстары мен құрылымына әсер еткен жағдайда, осы жобалармен бір мезгілде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы және жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдерінің жобасы немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасы және маслихат шешімдерінің жобасы әзірленеді.»; 2-тармақтағы «шикізат» деген сөз «мұнай» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.»; тақырыбындағы және мәтіндегі «Бюджеттің», «бюджеттің» деген сөздер тиісінше «Республикалық және жергілікті бюджеттердің», «республикалық және жергілікті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ «түсімдер,» деген сөзден кейін «алынған трансферттер,» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыбындағы «Бюджеттің» деген сөз «Республикалық және жергілікті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші абзацтағы «Бюджеттің» деген сөз «Республикалық және жергілікті бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшаның бесінші абзацындағы «ресми» деген сөз алып тасталсын; 7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын: «13-1-бап. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: 1) республикалық бюджет; 2) облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері; 3) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударымдар.»; 1-тармақ алып тасталсын; 3-тармақта: «бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер,» деген сөздер «республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері» деген сөздермен ауыстырылсын; «ресми» деген сөз алып тасталсын; 4-тармақтың 3) тармақшасындағы «жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда» деген сөздер «тәртіппен өзге тәсіл арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5 және 7-тармақтардағы «Ресми трансферттер», «ресми трансферттерді» деген сөздер тиісінше «Трансферттер», «трансферттерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша 1. Білім беру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс. Төртінші абзац өзінің қолданысын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады 2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мемлекеттік мекемелер ақылы негізде жүзеге асыратын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалуы мүмкін. 3. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін ақы жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.»; 10) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: «16-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары 1. Қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары болып табылады. 2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар; 2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар; 3) мемлекеттік тапсырыс шығындары - бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жеке, заңды тұлғалардан және шаруа (фермер) қожалықтарынан алынған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуі; 4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар; 5) мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері. 3. Бюджеттік субсидиялар мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың неғұрлым тиімді басқа тәсілі болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жеке, заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берілуі мүмкін. Субсидиялануға тиіс басым мемлекеттік функциялар және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыру жөніндегі бағыттар орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады. 4. Трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы сипаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві: 1) төтенше резервті; 2) шұғыл шығындарға арналған резервті; 3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті; 4) ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.»; мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві: 1) төтенше резервті: 2) шұғыл шығындарға арналған резервті; 3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті; 4) ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды. 2-2. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві: 1) төтенше резервті; 2) шұғыл шығындарға арналған резервті; 3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті қамтиды.»; 4-тармақтағы «, соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.»; 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді. 6. Ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.»; 7-тармақтағы «Кассалық алшақтықты жабуға» деген сөздер «Ағымдағы жылы қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші бөлігі «бағдарламалары болған» деген сөздерден кейін «және бюджет қаражатының бос қалдықтары осы Кодекстің 91-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған мақсаттарға пайдаланылған» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы «орта мерзімді фискалдық саясатпен» деген сөздер «әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 21, 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «21-бап. Бюджет тапшылығы (профициті) 1. Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасын шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Оң белгімен алынған шама бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, теріс белгімен алынған шама - профициті болып табылады. 2. Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. 3. Бес жылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс.»; «23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері: 1) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады. 2. Мұнай секторы кәсіпорындарына шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын заңды тұлғалар жатады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын шетелдік қаржы құралдарына орналастырудан құралады. 24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тиісті қаржы жылына арналған дамудың бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) іске асыруға арналған кепілдік берілген трансферт түрінде; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеткe Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға берілетін нысаналы трансферттер түрінде; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды; 3) тәуекел деңгейі қалыпты болған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің жоғары деңгейін; 4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарына орналастырылады. 3. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері республикалық бюджетті әзірлейтін жыл алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. 6. Активтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебіне жатқызу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.»; 14) 25-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының 3) тармақшасындағы «қаржылық активтерге және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге», «рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің» деген сөздер тиісінше «, материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарына», «, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады.»; 1-тармақтағы «республикада мемлекеттік саясатты» деген сөздер «республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; Үшінші-бесінші абзацтары 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Функционалдық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын көрсетеді. Функционалдық ішкі топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функционалдық топ ішінде нақтылайды.»; 2-тармақта: «әкімшісі» деген сөзден кейін «, егер ол бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып, тиісті мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруы және олардың бюджет қаражатын пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестірген жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |