|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган», «Табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның», «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның», «Табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган», «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға», «табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «Уәкілетті органның», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 14-1), 17-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын: «14-1) стратегиялық тауарларды өндірушілер - стратегиялық тауарларды өндіретін не оларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін жеке және заңды тұлғалар;»; «17-1) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизел отыны, электр энергиясын, су шаруашылығын және кәріз жүйелерін беру және бөлу аясындағы табиғи монополиялар үшін - электр энергиясы;»; «18-1) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі - мынадай: белгіленген жалпы қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді; саны бір жарым мың адамнан аз тұтынушыларға су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі;»; 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»; 1-тармақта: 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алуға;"; 9) тармақшадағы «тыйым салынады.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: "10) мыналар: тарифтік сметада қамтылатын; реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады."; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.«; 2-тармақтағы "Осы Заңның 5-бабы" деген сөздер "Осы баптың" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын: "1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;"; мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын: "7-3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі жұмысы туралы жыл сайын есеп беруге;"; 9) тармақша "реттеліп көрсетілетін" деген сөздердің алдынан "тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 10) және 17) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды."; 6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын: "11-бап. Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттерi Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы: 1) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға міндетті."; 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) табиғи монополиялар субъектілерін бақылау мен олардың қызметін реттеуді жүзеге асырады;"; 2) тармақшадағы "субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімін" деген сөздер "субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) олар белгілеген тәртіппен: табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникалық ысыраптарын; мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің шикізаттары, материалдары, отындары, энергиялары шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын; еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша табиғи монополия субъектісінің персонал санының нормативтерін бекітеді."; 6) тармақша алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 1-тармақта: 2) тармақшадағы «монополия аясындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне» деген сөздер «монополиялар аясындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді, 6) тармақшадағы «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: "17-1) олар белгілеген тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін ақы алу мөлшерін және тетігін келісуге;"; 20-1) тармақша алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 1-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы "айқындауға міндетті." деген сөздер "айқындауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кінәлі адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті."; 2-тармақ алып тасталсын; 10) 15-баптың 3-тармағындағы "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдерінің ұсынуы бойынша" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 2) тармақшасындағы "салалық техникалық және технологиялық нормалар" деген сөздер "шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары" деген сөздермен ауыстырылсын; 3 және 4-тармақтар алып тасталсын; 12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: "17-бап. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік сметаларының жобаларын қарау тәртібi 1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге өтінімдерді қарауға қабылдаған жағдайларда уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік сметаларының жобаларына сараптама жүргізеді. Сараптама жүргізген кезде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектілері тартылады. 2. Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында: 1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде кемінде он бес күн бұрын; 2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде кемінде жеті күн бұрын жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар қолданылмайды. Жария тыңдаулар: 1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде отыз күн бұрын; 2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде он бес күн бұрын; 3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде жеті күн бұрын; 4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде бір күн бұрын өткізіледі. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізудің күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша: реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын; реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтерудің себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты беруге міндетті. Жария тыңдаулар өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган елу бес күн ішінде, ал тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептер берілген жағдайда жүз алпыс бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген кезден бастап есептеледі. 4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган он күн ішінде қарайды. 5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкілетті органның төтенше реттейтін шаралар түрінде қабылдайтын шешімдеріне қолданылмайды. 6. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту туралы шешімдерге қолданылмайды."; 2-тармақ "отыз бес күн бұрын" деген сөздерден кейін ", ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде он күн бұрын" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады."; 4-тармақ "кемінде отыз күннен бұрын" деген сөздер "кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "түрлеріне жүргізіледі." деген сөздер "түрлеріне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) егер табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі."; 7-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді."; 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында аталған іс-әрекеттерді жасау үшін уәкілетті органға алдын ала ақпарат жолдауға міндетті."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Табиғи монополия субъектісі: электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу жағдайы болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған; газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тікелей стратегиялық тауарларды өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырады."; 4-тармақтағы ", сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретін гранттарды, заемдар мен кредиттерді тартуына" деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақта: «негізгі құралдарға жатпайтын» деген сөздер алып тасталсын; «сома мөлшерінен» деген сөздер «мөлшерден" деген сөзбен ауыстырылсын; 9-тармақ "табиғи монополиялар субъектілеріне" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне" деген сөздермен толықтырылсын; 16) мынадай мазмұндағы 23-баппен толықтырылсын: "23-бап. Өтпелі ережелер Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері жасалған шарттарға сәйкес есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарымен (жылу энергиясын, суды есептейтін үйге ортақ аспаптармен және суды есептейтін жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.". 2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат): 27-баптың 1-тармағының 22-5) тармақшасы алып тасталсын. 3. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 14-баптың 2-тармағының 22) тармақшасы алып тасталсын. 4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат): 5-баптың 7) тармақшасындағы «энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың» деген сөздер «табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-сі. № 166-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |