Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100-1 (2006.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу - мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi. Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, Қазақстан Республикасы орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгiн, азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. 09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негiзгi ұғымдар мен терминдер Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесi мен бейбiт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; Азаматтық қорғанысты басқару органдары - бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, барлық меншiк нысанындағы ұйымдар; эвакуациялық органдар - халықты, материалдық қазыналарды қауiпсiз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк қызметтi және тыныс-тiршiлiктi ұйымдастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, барлық меншiк нысанындағы ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары; Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, жедел-құтқару отрядтары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері; Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi; Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделi объектiлерде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар; "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iске қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, iс-әрекет тәртібі мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөніндегі талаптарды орындауға мiндеттi; қорғану құрылыстарының қоры - өндiрiстiк қызметшiлер мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлiк құрылыстардың жиынтығы; шаруашылық жүргiзу объектiлерi - өнеркәсiп, ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң және қоғам қызметiнiң басқа да салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар. 2-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарына, лауазымды адамдары мен азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 3-бап. Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi. Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау; 2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау; 3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту; 4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау; 5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету; 6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзу; 7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау; 8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау; 9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру; 10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау. 4-бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртібі Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу жөніндегі шараларды жүргiзу тәртібін, көлемi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың басшылары жауапты болады. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, АУМАҒЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГIЗУ ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ШАРАЛАРЫ 2004.20.12 № 13-III Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 5-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау жөніндегі шаралар алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар: халықты, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiнде перспективалық және ағымды жоспарлар мен оларды жою жөніндегі iс-қимыл жоспарларын жасауды; шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда жұмыс адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн; құлақтандырудың жергiлiктi жүйелерiн құру және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстауды; аумақтарда құрылыс салуды ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып жоспарлауды; төтенше жағдайлар кезiнде баспанасыз қалған халық үшiн уақытша тұрғын үй резервiн құруды; мониторинг жүйесiн ұйымдастыруды, халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi техногендiк авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкiндер мен басқа да қауiптi экзогендi құбылыстар жайында құлақтандыруды; тiршiлiк объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын құруды iске асырады. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою жөніндегі күш-құралдарды құруды, дайындауды және олардың қолдануға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етедi, зардап шеккендерге көмек көрсетедi. 2004.20.12 № 13-III Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 6-бап. Жер сiлкiнiсiнен қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары 1. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн ықтимал жер сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында алдын ала мынадай шаралар кешенi жүргiзiледi: сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiн дамыту; республика аумағының сейсмологиялық қауiптiлiгiн ғылыми тұрғыдан болжау, бағалау және оны сейсмологиялық ықшам аудандарға бөлу; құрылыс нормалары мен ережелерiн сейсмологиялық қауiптi ескере отырып жасау; сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттардың тиiмдi конструкцияларының және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есептерiн ғылыми тұрғыдан негiздеу және оларды жобалау; сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру; бұрын салынған үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық жағынан орнықты болуын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; аумақтағы құрылыс салуды ықтимал сейсмикалық әсерлердi ескере отырып реттеу. 2. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою кезiнде мынадай шаралар жүргiзiледi: жер сiлкiнiсi туралы ақпарат алу, шешiм қабылдау және оны республика аймақтарына жеткізу; iздеу-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету; Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарының iс-қимылына және жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жоспарына сәйкес басқа да шараларға басшылық жасау. 3. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың басшылары өз құзыретi шегiнде болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және олардың экономикалық залалын азайту мақсатында алдын ала: халық пен қоршаған ортаға аса қауiп төндiретiн, шаруашылық жүргiзу объектiлерi орналасқан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда, сондай-ақ интенсивтi түрде мұнай, газ өндiрiлетiн аудандарда және жерасты жұмыстарында сейсмикалық аудандастыру жүргiзу мен сейсмикалық қауiпке баға берудi ұйымдастыруға; үйлер мен ғимараттарды, ең алдымен тұрғын үйлердi, мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, адамдар жаппай болатын басқа үйлердi, ғимараттарды және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау және байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикаға қарсы күшейту жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге; сейсмикалық жағынан осал үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзген кезде олардың құрылыс конструкцияларын мiндеттi түрде сейсмикаға қарсы күшейтудi көздеуге; үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы шаралар қолданбайынша оларды салуға, сондай-ақ тектоникалық жарық шақтар, топырағы жайсыз аймақтарда және көшкiн болу қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға жол бермеуге мiндеттi. 4. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың басшылары: iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзудi және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруға; жер сiлкiнiсiнiң күшi, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауға және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруге; жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюды және халық тiршiлiгiнiң басқа да шараларын ұйымдастыруға мiндеттi. 7-бап. Теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң зардаптарынан қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары 1. Теңiздер мен iрi су айдындарының тасқындарынан, су деңгейлерiнiң көтерiлуiнен және таяздауынан қорғау жөніндегі шаралар халықтың, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң, инфрақұрылымның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытталған және оларға: теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен болуы ықтимал зардаптарды ғылыми зерттеу және болжау; гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға беру; аумақтарда құрылыс салуды теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау; теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi жүйелерiн, жағалау аймағындағы су жайылу құбылыстары жайында халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi құлақтандыруды ұйымдастыру кiредi. 2. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, ұйымдар өз құзыретi шегiнде теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен халықты, аумақтарды қорғау, мұның экономикалық залалын азайту мақсатында: теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытудың қамтамасыз етуге; су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен олардың сапасын бақылауға; су тасқындары болуы, су басып қалуы және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң тиiстi нормативтiк актiлер ескерiлместен шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне жол бермеуге; жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық талаптардың басымдық берiлетiн тәртiппен сақталуын қамтамасыз етуге; теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау аймақтарында жердiң, топырақ пен өсiмдiк қабатының және жерасты суларының тұрақты мониторингiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 8-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары Қатты, сұйық және газ тектес пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде iске асыратын шараларға: пайдалы қазбалар өндiрудiң халыққа және қоршаған ортаға жасауы ықтимал зардаптарының қаупiн ғылыми зерттеу, болжау және бағалау; пайдалы қазбалар өндiрудi дамыту болашағын және оның геологиялық құрылымдардың орнықтылығына жасайтын әсерiн ескере отырып, аумақтарға құрылыс салуды жоспарлау, үйлер мен ғимараттар салу және пайдалану; игерiлiп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар үйлер мен ғимараттардың сенiмдiлiгi мен орнықтылығын арттыру; қоршаған ортаның жай-күйi мен игерiлiп жатқан кен орындарының технологиялық жағдайлары мониторингiнiң жүйелерiн ұйымдастыру және халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге болуы ықтимал төтенше жағдайларды хабарлау; кенiштердi игеруге байланысты төтенше жағдайлардан болуы ықтимал залалды азайту жөніндегі алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау кiредi. 9-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс шаралары Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында: 1) алдын ала: бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау; азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау; Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте ұстау; зақымдау құралдары қолданылған жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту; Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте ұстау; Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру; эвакуациялық шараларды жоспарлау мен жүргiзу; шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөніндегі шараларды жоспарлау және орындау; Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды өткізу; 2) зақымдау құралдарын қолданған кезде: зақымдау құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртібі мен ережелерi жөнiнде хабардар ету; халықты қорғану құрылыстарына паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану; жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету; iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу; басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру; халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу; Азаматтық қорғаныс құрамаларының әзiрлiгiн қалпына келтiру; эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады. 10-бап. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары алдын ала әзiрленiп жасалады, өткiзiледi. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шараларының ауқымы мен мазмұнын қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттарға жатқызу дәрежесiне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары аумақтарды, елдi мекендердi, өнеркәсiп аймақтарын аудандық жоспарлау және оларда құрылыс салу схемалары мен жобаларын жасау кезiнде, ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру жобаларында көзделуге тиiс. Аймақтарды дамытуға, аумақтарда құрылыс салуға, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн салуға және қайта құруға арналған жобалау-смета құжаттамасы Азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен келісіледi. 11-бап. Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау 1. Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша даярлық Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн мiндеттi болып табылады және тиiстi оқу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары да пайдаланылады. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады. 3. Азаматтық қорғаныс үшiн мамандар даярлау Қазақстан Республикасының әскери, азаматтық оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттерде және халықаралық орталықтарда жүзеге асырылады. 4. Ел халқын Азаматтық қорғаныс бойынша даярлау мектепке дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс орыны, тұрғылықты және оқитын жерi бойынша жүргiзiледi. 3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРI 09.12.98 ж. № 307-I ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады. Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады. Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс. Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 13-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс уақытындағы мiндеттерi 1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауға арналған. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының құрамында Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметіне берiледi. Қазақстан Республикасының Үкіметі Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау, жарақтандыру және қолдануға әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қолданады. 2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) бейбiт уақытта: құтқару жұмыстарын жүргiзуге адам құрамын жан-жақты дайындау мен оны аттестациялауды ұйымдастыру; iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу және зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету; |