|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 338-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) сауықтыру балалар мекемелері;». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат): 1) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге құқылы емес. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді қоспағанда, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға не кепілге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иеліктен шығару не оны кепілге беру жағдайларына қолданылмайды.»; 2) 105-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жер учаскелерін мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерге, мемлекеттік зоологиялық парктерге, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялық парктерге және мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне тарихи-мәдени мақсаттағы объектілер үшін беру кезінде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда шыққан шығасы өтелмейді.»; 3) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады. Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі. Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағы шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.»; 4) 123-бап мынадай редакцияда жазылсын: «123-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi 1. Ерекше күзетуді және қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аймақтар шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесіне және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне қолайсыз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын күзет аймақтары белгіленеді. 2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттар мен мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі оларды құру жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелермен айқындалады, осы Кодексте және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді. Бұл ретте меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық межелер бойынша белгіленетін және сол жерлерде арнаулы белгілерімен белгіленетін күзет аймағының ені екі километрден кем болмауға тиіс. 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегіндегі жер учаскелері осы аймақтарды қорғаудың белгіленген режимін сақтай отырып пайдаланылады және осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес мемлекет қажеттіктері үшін алып қойылуы (сатып алынуы) мүмкін.»; 5) 128-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жекеше орман қоры жеріне осы Кодекске сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен отырғызылған қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсіп тұрған жер жатады.». 3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 1) 3-баптың 3) тармақшасы мен 26-баптың 2) тармақшасындағы «табиғи-қорық» деген сөздің алдынан тиісінше «мемлекеттік» деген сөзбен, 55-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «табиғат-қорық» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын; 2) 4-баптың 26) тармақшасындағы «орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің» деген сөздер «орман иеленушінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 6-баптың 4-тармағы және 8-баптың 3-тармағы «плантациялық екпелер» деген сөздерден кейін «және бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыбындағы «функциялары» деген сөз «негізгі қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «өңдеу» деген сөз «ұқсату» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын; 5) 22-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында: «биосфералық түрлерін қоса алғанда», «мемлекеттік табиғи қорық-сепортерлерге,»деген сөздер алып тасталсын; «мемлекеттік табиғи саябақтарға» деген сөздер «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес орманды шолып, тексеру жүргізуге;"; 7) 36-баптың 7-тармағындағы «күтіп-баптау мақсатында кесуді және санитарлық мақсатта кесуді» деген сөздер «аралық пайдалану мақсатында кесуді және өзгедей мақсатта кесуді» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 38-баптың 12) тармақшасында: «жобасына сәйкес» деген сөздерден кейін», орманды қайта жаңартуды қоса алғанда,»деген сөздермен толықтырылсын; «ағашы кесілген орман алаңының» деген сөздер «ағашы кесілген алаңының» деген сөздермен ауыстырылсын; «ағаш отырғызуды» деген сөздер «орманды молықтыруды» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 44-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары;"; бесінші абзац «мемлекеттік» деген сөзден кейін «өңірлік» деген сөзбен толықтырылсын; 10) 59-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде: "(биосфералық түрлерін және сепортер-қорықтарды қоса алғанда)», «орман» деген сөздер алып тасталсын; «табиғи саябақтар» деген сөздер «табиғи саябақтар, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар» деген сөздермен, «ескерткіштері» деген сөз «ескерткіштер» деген сөзбен ауыстырылсын; 11) 73-баптың 3-тармағындағы», орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау» деген сөздер алып тасталсын; 12) 77-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылады және анықталады.»; 13) 78-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары өздері белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»; 15) 86-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсіп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға беріледі және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісіне сәйкес жекеше орман қоры жерлеріне ауыстырылуы мүмкін.»; тақырыбы «жөніндегі» деген сөзден кейін «және бөрене кесу жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын; мәтініндегі «заңдарында» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын, «қызмет» деген сөзден кейін «және бөрене кесу жөніндегі жұмыстар» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Күтіп-баптау мақсатында және санитарлық», «күтіп-баптау мақсатында және санитарлық» деген сөздер тиісінше «Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей», «аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «күтіп-баптау мақсатында және санитарлық мақсатта ағаш кесуге» деген сөздер «аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсатта ағаш кесуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: «биосфералық және сепортер-қорықтарды қоса алғандағы»,», мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарды жасау, не аса құнды табиғи ресурстарды сақтау үшін резервке қойылған мемлекеттік қорық аймақтары учаскелерінде» деген сөздер алып тасталсын; «мемлекеттік табиғи» деген сөздер «мемлекеттік өңірлік табиғи» деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақтардағы «мемлекеттік табиғи саябақтар» деген сөздер «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 93-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде: "(биосфералық түрлерін және сепортер-қорықтарды қоса алғанда)»деген сөздер алып тасталсын; «мемлекеттік табиғи саябақтардың» деген сөздер «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын: «112-бап. Орман мекемелерінің ақылы қызметтерінен түскен қаражаты 1. Орман мекемелерінің өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізу: 1) елді мекендерді көгалдандыру үшін отырғызылатын материалдарды өсіру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелерді отырғызу, оқу практикаларын өткізу; 2) аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсаттарда ағаш кесу, соның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету, жанама орман пайдалану үшін ағаш кесу есебінен алатын қаражаты болуы мүмкін. 2. Орман мекемелерінің қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Орман мекемелерінің қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.». 4. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат): 1) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында: бірінші абзац «шаруашылығы» деген сөзден кейін», ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелері иелерінің немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жерді мемлекет қажеттіктері үшін алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және жерді қорғаныс пен қауіпсіздік қажеттіктері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда жер учаскелерін барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның ішінде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;"; 2) 51-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелері иелерінің немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жерді мемлекет қажеттіктері үшін алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда жер учаскелерін барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның ішінде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;"; 3) 52-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын: «жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелері иелерінің немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жерді мемлекет қажеттіктері үшін алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда жер учаскелерін барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның ішінде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;». 5. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 87-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат): 9-баптың 1-тармағының 55) тармақшасындағы «дайындау» деген сөзден кейін «және бөрене кесу жөніндегі жұмыстар» деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі. № 176-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |