|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1341 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ «қызметтерді» деген сөзден кейін «2006 жылға арналған» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы»; реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағанындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Семей протездік-ортопедиялық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы»; реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы». 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |