«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедекті оңалтудың
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 132-ө бұйрығымен күші жойылды
Мүгедектерді оңалтуды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 тіркелген, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы № 42-43 (1022-1023) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже): 1-тармақта: «2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта мынадай редакцияда жазылсын: «3. ОЖБ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің, және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедек куәландырылған күннен бастап бір айдың ішінде әзірлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|