Кредит-қаржы ұйымдарындағы жеке тұлғалардың салымдарына
ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 599 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық саудадағы жалпыға бірдей қабылданған нормалар мен ережелерді басшылыққа ала отырып, Біртұтас экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) құру жөніндегі үйлестірілген іс-шараларды жүзеге асыру және осы мақсаттар үшін БЭК құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) (бұдан әрі - салымдар) кепілдік беру (сақтандыру) жүйелерін үйлестіру қажеттілігін растай отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге қатысушы мемлекеттердің салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін үйлестіру жөніндегі келісілген іс-шаралардың мақсаты Келісімге қатысушы мемлекеттердің кредит-қаржы ұйымдарындағы салымдарға кепілдік берудің (сақтандырудың) ең үздік халықаралық банктік практикаға негізделген ұлттық жүйелерін құруы болып табылады.
2-бап
Мәлімделген мақсаттарды іске асыру үшін Тараптар кредит-қаржы ұйымдарындағы салымдарға кепілдік беру (сақтандыру) саласындағы нормативтік құқықтық базаны құру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру кезінде ұлттық банктік жүйелердің ағымдағы жай-күйін ескере отырып, мынадай негізгі қағидаттарды басшылыққа алуға міндеттенеді: кредит-қаржы ұйымдарының салымдарға кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысу міндеттілігі; кредит-қаржы ұйымдары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда салымшылар үшін қолайсыз салдардың туу тәуекелін азайту; салымдарға кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі қызметінің ашықтығы; салымдарға кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы - кредит-қаржы ұйымдарының тұрақты жарналары есебінен салымдарға міндетті кепілдік беру (сақтандыру) қорын қалыптастырудың жинақтаушылық сипаты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|