|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 190-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесінде: 1-тармақтың бірінші абзацы «(бұдан әрі - орта мерзімді жоспарлар),» деген сөздерден кейін «акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақтың 6) тармақшасы және 14-тармақтың он үшінші абзацындағы «ұлттық компанияларды» деген сөздерден кейін «, оның ішінде акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды» деген сөздермен толықтырылсын; 19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |