|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: 2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді әзірлеу және жүзеге асыру, инвестицияларды тартуға және бәсекелестікті қорғауға жәрдемдесу;»; «10) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту әрі жеке сектордың инвестициялық белсенділігі саласындағы стратегиялық функциялар: шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру; жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды әзірлеу және үйлестіру; жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу; кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргізу; жеке кәсіпкерлік қызметінің салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру; республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету; шағын кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлеу; инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлігіндегі инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды беру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбeciн айқындау; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің қызметін үйлестіру; инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау; жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелеріндегі инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) халықаралық нарығына шығуы үшін жағдай жасау; жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау;»; 12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беруге;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |