|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы № 1050 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншік қатынастарын реттеу туралы келісімге және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын тану туралы хаттамаға сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1. Қырғыз Тарабы: 1) осы Келісімге қол қойылған сәттен бастап 5 айдың ішінде оның күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуге міндеттенеді; 2) осы Келісім күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірмей Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға Қазақстан Республикасының меншік құқығын ресімдейді, атап айтқанда: «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорт-сауықтыру базасы (бұрынғы «Автомобилист Казахстана» демалыс үйі (Қорымды ауылы); «Самал» демалыс үйі (Бөстері кенті); «Қазақстан» санаторийі (Шолпан-Ата қаласы); «Университет» спорт-сауықтыру лагері (Бөстері кенті). 2. Қазақстан Тарабы осы Келісімнің 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерге өзінің меншік құқықтарын ресімдегеннен кейін мынадай: мүмкіндігінше жыл бойы жұмыс істейтін 3 немесе 4 жұлдызды қонақ үйлері деңгейіне: «Қазақстан» санаторийін - 2 жылдың ішінде, «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорт-сауықтыру базасын (бұрынғы «Автомобилист Казахстана» демалыс үйі), «Самал» демалыс үйін, «Университет» спорт-сауықтыру лагерін - 4 жылдың ішінде жеткізу; жоғарыда көрсетілген объектілерді салу және пайдалану кезінде жұмыс күшінің кемінде 80 пайызын Қырғыз Республикасының азаматтары қатарынан тарту жөніндегі шараларды қабылдайды.
Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім Тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2006 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |