|
|
|
Жоба Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Қырғыз Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 630 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, халықаралық нормаларды негізге ала отырып, екі елдің ұлттық заңнамаларын назарға ала отырып, білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтыла отырып, Тараптардың арасында қалыптасқан оңтайлы білім беру байланыстарын және білім беру саласындағы өзара мүдделі басым ынтымақтастықты есепке ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады: - білім беру жүйесі мен білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттар алмасу; - оқу және оқу-әдістемелік, аудио және видео материалдар алмасу; - білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлермен алмасу; - білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдер алмасу; - білім беру ұйымдарындағы аттестаттауды және аккредиттеуді жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуге ықпал ету; - барлық деңгейдегі Тарап мемлекеттерінің білім беру ұйымдарының арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге ықпал ету.
2-бап
Тараптар мамандар, ғылыми-педагог кадрларын алмасу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар жүргізу саласындағы ынтымақтастықты дамытады, оларды іске асыру Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ұйымдарының арасында тікелей шарттарды жасасу негізінде жүзеге асырылады, онда олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі анықталуы тиіс.
3-бап
Тараптар жыл сайын баламалы негізде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасуды жүзеге асырады. Тарап мемлекеттерінің әрқайсысынан білім алушылардың жыл сайынғы саны баламалы негізде 5 адамнан аспауы тиіс. Осы санаттағы білім алушылардың оқу мерзімін қабылдаушы Тарап ол мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындайды.
4-бап
Тараптар Тарап мемлекеттерінің азаматтарына орта білім алуға тең құқықты және оған қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ана тілін үйрену үшін жағдай жасайды.
5-бап
Осы Келісімді іске асырудың қаржылық шарттарын Тараптар мынадай үлгіде айқындайды: - осы Келісіммен көзделген алмасу бағдарламасы бойынша бағытталған тұлғалардың көліктік шығыстары бағыттаушы немесе іссапарға жіберуші ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады; - қабылдаушы Тарап білім алушыларды оқуы, кітапханаларды (оқу-құралдарын, ғылыми-техникалық құжаттамаларын, зерттеу жабдықтарын) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатады, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес оларға стипендия мен жатақхана береді; - қабылдаушы Тарап денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы ұлттық заңнамалар шеңберінде алмасуға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, жіберуші Тарап оларды жазатайым уақиғадан сақтандыру полисінің бар болуын қамтамасыз етеді; - Тараптар білім алушы отбасы мүшелерінің елге келуіне байланысты шығыстарды өтемейді, сондай-ақ отбасы мүшелерінің тұруы мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етпейді. Бакалаврлар және магистранттар алмасу шарттары жекелеген хаттамаларда нақтыланады.
6-бап
Осы Келісім олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
7-бап
Осы Келісімге, Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
8-бап
Осы Келісімде көзделген іс-шараларды іске асыру Тарап мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
9-бап
Осы Келісімді қолдану немесе талқылау жөнінде Тараптар арасында туындайтын даулар Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
10-бап
Осы Келісім әрбір Тараптың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастан күшіне енеді. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның әрекетін өзінің тоқтату ниеті туралы басқа Тараптан тиісті жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады. 200__жылдың «__»________ _______________ қаласында екі түпнұсқада, қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |