Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi № 973 және 2003 Осы редакция 2006 ж. 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi № 973 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 337-құжат): тақырыптағы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау," деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзу ережесінде: бүкiл мәтiн бойынша "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздер "Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар" деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақтың бесiншi абзацында "туралы жеке ереже" деген сөздер "паспорты" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) "Жердi ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 369-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жердi ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесінде: бүкiл мәтiн бойынша "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi абзацында "қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстық аумақтық органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі облыстық орган)" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган)" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органмен, облыстық органдармен келісіледi және оны жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган бекiтедi"; 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келісіледi және оны жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiтедi."; 5 және 10-тармақтарда "аумақтар желісін дамыту және орналастыру бағдарламасы", "аумақтардың желісін дамыту және орналастыру желісiнiң бағдарламасына" деген сөздер тиiсiнше "аумақтарды дамыту жөніндегі бағдарлама", "аумақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаға" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "қалалық және аудандық әкiмдiктердiң" деген сөздер "аумақтық қалалық және аудандық орган әкiмдiктерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
|