Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 және
Осы редакция 2006 ж. 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасына тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібінде: 5-тармақта: в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "егер өтiнiм берушi ретiнде делдал қатысса, тауарды экспорттаушы және өндiрушi немесе импорттаушы және тұтынушы арасындағы шартты"; мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын: "к) ұсынылатын құжаттардың тiзiмдемесiн"; он үшiншi абзацтағы "г", "е" деген сөздердiң алдынан "в", "д" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын; "Өтiнiш Лицензиардың деректер банкiнде тiркеуге жатады. Лицензия немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелдi шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi."; 7-тармақта: бiрiншi абзацтағы "алты" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын; үшіншi абзацта: "ұзартылуы мүмкiн" деген сөздердiң алдынан ", бiрақ, бiр күнтiзбелiк жылдан асырылмай" деген сөздермен толықтырылсын; "жолдайды" деген сөз "ұсынады" деген сөзбен ауыстырылсын; "өтiнiш" деген сөз "өтiніштi, бiрақ, лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын: "16. Лицензия жоғалған кезде лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым төлейдi."; 2) "Тауарлардың жекелеген түрлерiне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы № 841 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 292-құжат): көрсетiлген қаулыға қосымшада: "7601 Өңделмеген алюминий 1 тоннасына 4, бірақ 30 евродан кем емес 7204 Қара металдардың қалдықтары мен 3, бірақ 1 тонна сынықтары; қайта қорытуға арналған үшін қара металдар құймалары (шихталық 3 евродан кем құймалар) емес 7302 Темір жол немесе трамвай жолдарына 3, бірақ 1 тонна пайдалануға арналған қара металдар үшін бұйымдары: рельстер, рельстердi қосуға 3 евродан кем және бекiтуге арналған қатырма емес рельстер және тiстi рельстер, ауыстырғыш рельстер, нығырлап қиыстыратын шаңбақтар, ауыстырғыш аспалар және басқа да көлденең жалғағыштар, түйiстiрушi жапсырмалар және астарлар, сыналар, тiрек тақталары, iлмектi рельс бұрандалары, көпшiктер және тартқылар, көтерме аяқтар, көлденең белдiктер және басқа да бөлшектер 8607 Темір жол немесе трамвай 3, бірақ 1 тонна локомотивтерiнің немесе жылжымалы үшін құрамның бөлiктерi 3 евродан кем емес";
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"7204** Қара металдардың қалдықтары мен 15, бірақ 1 сынықтары; қайта қорытуға арналған тонна үшін 20 қара металдар құймалары (шихталық евродан кем құймалар) емес 7302 Темір жол немесе трамвай жолдарына 20, бірақ 1 пайдалануға арналған қара металдар тонна үшiн 20 бұйымдары: рельстер, рельстердi евродан кем қосуға және бекiтуге арналған емес қатырма рельстер және тiстi рельстер, ауыстырғыш рельстер, нығырлап қиыстыратын шаңбақтар, ауыстырғыш аспалар және басқа да көлденең жалғағыштар, шпалдар, түйiстiрушi жапсырмалар және астарлар, сыналар, тiрек тақталары, iлмектi рельс бұрандалары, көпшiктер және тартқылар, көтерме аяқтар, көлденең белдiктер және басқа да бөлшектер 7601, Өңделмеген қайталама алюминий 15, бiрақ 1 7603-7616 және қайталама алюминийден тонна үшiн 100 жасалған бұйымдар евродан кем емес 8607 Темір жол немесе трамвай 20, бiрақ 1 локомотивтерiнiң немесе жылжымалы тонна үшiн 15 құрамның бөлiктерi евродан кем емес";
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "** Көрсетiлген тауарларға арналған әкетiлетiн кеден баждарының ставкалары Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды". 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн сыртқы сауда қызметiн реттеу жөнінде қазақстан тарабы қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсiн. 3. Жарияланған күнiнен 30 күн өткеннен кейiн күшiне енетін осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасынан басқасы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|