|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Шахтинск қаласының ЖЭО-сын және жылу желілерін 2006-2007 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға Қарағанды облысының әкіміне аудару үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жалпы сомасы 472800000 (төрт жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз мың) теңге нысаналы трансферттер бөлінсін. 2. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында: 231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын: «109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу 472800000 (төрт жүз жетпіс екі миллион сегіз жyз мың) теңге»; 09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында, «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында, 231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» әкімшісі бойынша Шахтинск қаласының ЖЭО-сын және жылу желілерін 2006-2007 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға арналған шығындар 472800000 (төрт жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз мың) теңге сомасына ұлғайтылсын; 13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» кіші функциясында, 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша, 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында, 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында шығындар 472800000 (төрт жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз мың) теңге сомасына азайтылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |