|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 237 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның құрамынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кардиохирургиялық клиника» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі - кәсіпорын) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын; 2) әділет органдарында кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырсын; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бөлу теңгеріміне сәйкес кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-75-жолмен толықтырылсын:
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-2-жолмен толықтырылсын: «39-2. Кардиохирургиялық клиника». 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |