|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 тамыздағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 770 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу ережесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі тиісті комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жария етілген объектіні пайдалануға қабылдауды жүргізуді ұйымдастырады. Жария етілген объектіні пайдалануға қабылдау он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |