«Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердiң
1996 жылғы 29 қазан № 42-1 ҚР Заңымен бекітілді
Осы Келісімге қол қойған (бұдан әрi қарай «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын) елдердiң үкiметтерi Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (бұдан әрi қарай «ЭКО» деп аталатын) мүшесi болып табыла отырып, сауда мен экономикалық байланыстар халықтардың өзара дамуын жеделдетуге жәрдемдесетiнiне сене отырып, Кветин Iс-әрекет Жоспарының 19-тармағында мүше елдерге ЭКО аймағының iшiнде бизнесмендердiң кедергiсiз жүрiп-тұруын жеңiлдету және қажет болған жағдайда визаларды тездетiп беру жөніндегі қажеттi шаралар қабылдауға үндеу жасалғанын еске ала отырып, төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
ЭКО-ға мүше-елдердiң барлық дипломатиялық және консулдық миссиялары мүше-елдiң сыртқы-iстер министрлігінiң келісімiмен сауда саласындағы құзырлы мемлекеттік органдардың ұсыныс хаты бойынша екiншi мүше-елдердiң бизнесмендерiне визалар бередi.
ЭКО-ға мүше-елдердiң барлық дипломатиялық консулдық миссиялары мүше-елдiң сыртқы-iстер министрлігінiң келісімiмен сауда саласындағы құзырлы мемлекеттік органдардың ұсыныс хаты бойынша екiншi Уағдаласушы Тараптардың бизнесмендерiне 72 сағаттың iшiнде визалар бередi немесе басқаша болған жағдайда отыз күнге дейiн болуымен бiрге бiр жыл мерзiмге келу соның iшiнде көп мәрте келу визаларына тапсырысқа жауап бередi.
Құзырлы органдар қолданыстағы заңдарға сәйкес виза алушының өзi барған елде оның мәртебесiне қатысты емес қызметпен айналыспау шарты бойынша тиiстi тараптар арасындағы қол қойылған келісім-шарттар қолданылатын мерзiмге экспортпен, импортпен немесе инвестициялық қызметпен айналысатын бизнесмендерге берiлетiн визаларды немесе уақытша тұруға берiлетiн рұқсат түрiн ұзартады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|