Ғарыш объектiлерi келтiрген залал үшiн халықаралық
Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы 1997.15.05. № 107-I ҚР Заңын қара
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, бүкiл адамзаттың ғарыш кеңiстiгiн бұдан әрi бейбiт, мақсатта зерттеу мен пайдалануға жалпы мүдделiлiгiн мойындай отырып, Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттердiң принциптерi туралы шартты еске ала отырып, ғарыш объектiлерiн ұшырумен айналысушы қабылдауға тиiстi мемлекеттер мен халықаралық үкiметаралық ұйымдар сақтандыру шараларына қарамастан, бұл объектiлер кейде залал келтiруi мүмкiн екендiгiн назарға ала отырып, ғарыш объектiлерi келтiрген залал үшiн жауапкершiлiкке қатысты тиiмдi халықаралық ережелер мен рәсiмдер әзiрлеу және, атап айтқанда, осы Конвенцияның негiзiнде осы залалдың құрбандарына толық және әдiл кiдiрiссiз өтемақы төлеу қажеттiгiн мойындай отырып, мұндай ережелер мен ресiмдер ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатта зерттеу мен пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесетiнiн пайымдай отырып. төмендегi туралы келiстi:
Осы Конвенцияның мақсатында: а) "залал" аталымы мерт болу, дене жарақаты немесе денсаулықтың өзгедей бүлiнуiн; мемлекеттердiң немесе жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкiнiң немесе халықаралық үкiметаралық ұйымдардың мүлкiнiң құруын немесе бүлiнуiн бiлдiредi; b) "ұшыру" аталымына ұшыру әрекетi кiредi; с) "ұшырушы мемлекет" аталымы: i) ғарыш объектiсiн ұшыруды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын мемлекеттi; ii) аумағынан немесе қондырғысынан ғарыш объектiсiн ұшыру жүзеге асырылатын мемлекеттi бiлдiредi; d) "ғарыш объектiсi" аталымына ғарыш объектiсiнiң құрамдас бөлiктерi, сондай-ақ оны жеткiзу құралдары мен оның бөлiктерi кiредi.
Ұшырушы мемлекет өзiнiң ғарыш объектiсiнiң Жердiң жоғары бетiне немесе ұшып жүрген әуе кемесiне келтiрген залал үшiн өтемақы төлеуге толық жауапкершiлiкте болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|