Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының (2016.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 329-I Заңымен бекітілді 1999 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, бұдан әрi Тараптар деп аталады, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы Келісім және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенiн жалға алу Шарты /бұдан әрi жалға алу Шарты/ негiзiнде Тараптардың мүдделерiн ескерiп, осы төмендегi Келісімдi жасады.
1-бап. Байқоңыр қаласының мәртебесi 1. Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi болып табылады. Қаланың аумағында «Байқоңыр» ғарыш айлағының объектiлерi, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және басқа да қала тұрғындарына қажеттi тұрмыстық-коммуналдық және мәдени-әлеуметтiк жағдайлар туғызатын басқа да объектiлерi орналасқан. «Байқоңыр» кешенi жалға алынған кезеңде Ресей Федерациясымен қатынасында Байқоңыр қаласына объектiлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қауiпсiздiк қызмет етуiне, сондай-ақ азаматтардың тұру жағдайында айрықша тәртiптi Ресей Федерациясының федеральдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебе берiледi. 2. Қалалық әкiмшiлiктiң ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік жалаулары тұрақты түрде көтерiлiп тұрады.
2-бап. Байқоңыр қаласының шекарасы 1. Қаланың шекарасы /қаланың шегi/ әкiмшiлiк басқару жүзеге асырылатын аумақты белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|