Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет Осы редакция 2006 ж. 29қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдауға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты басқару жөніндегі агент (бұдан әрі агент) болып айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен агентке өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға бөлінетін бюджет қаражатын аудару үшін арнайы шот ашсын. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі: агентпен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға бөлінген бюджет қаражатын басқаруға шарт жасассын; осы қаулыдан туындайтын езге де шараларды қабылдасын. 4. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға бөлінген бюджет кдражатынан жылына 0,5 % мөлшерінде агенттің қызметіне акьі төлеу мөлшері белгіленсін. 5. Бюджет қаражатынан агентгің қызметіне ақы төлеу өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға бөлінген бюджет қаражатын басқару шартын жасасқаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде жылына бір рет жүзеге асырылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
|