|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы облысының бюджетіне аудару үшін Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы ауысымда 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 60 төсектік перзентхананы қайта жаңартуды аяқтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 120224000 (бір жүз жиырма миллион екі жүз жиырма төрт мың) теңге сомасында нысаналы даму трансферттері бөлінсін. 2. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында, 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын: «109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу»; 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында, 09 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» ішкі функциясында, 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша «109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы ауысымда 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 60 төсектік перзентхананы қайта жаңартуды аяқтауға 120224 мың теңге сомасына ұлғайтылсын; 13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» ішкі функциясында, 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша: 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында, 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында шығындар 120224 мың теңге сомасына азайтылсын. 3. Алматы облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |