|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж. № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар): 1) 88-бапта: үшінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) 88-1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «екі» деген сөзбен ауыстырылсын; «алтыға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; «оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын; «бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын; «жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; «қырықтан жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын; «отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын; «алпыстан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын; «жүзден екі жүзге дейінгі» деген сөздер «бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 205-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру 1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, - жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтініш беру мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге бұзуы - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтініш беру мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге бұзуы - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылған жағдайда дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; бірінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; «қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «қырық бec» деген сөздермен ауыстырылсын; «алпыстан сексенге дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; «отыздан елуге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын; «елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын; «сексеннен жүзге дейінгі» деген сөздер «тоқсан айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің он бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; «жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; «екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздер «үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын; «жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «екі жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес жүзден бір мыңға дейінгі» деген сөздер «жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан қырыққа дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 209-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын; 8) 213-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «213-бап. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу 1. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу, -»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырма беске дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі» деген сөздер «сегіз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан қырыққа дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің оныншы абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі» деген сөздер «алпыс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 218-баптың екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын; «оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бec» деген сөздермен ауыстырылсын; «жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі» деген сөздер «қырық бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі» деген сөздер «алпыс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші, екінші және үшінші бөліктердің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі» деген сөздер «алпыс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «- сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын; «оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «- қырықтан елуге дейінгі» деген сөздер «қырық бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «- он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «- қырықтан елуге дейінгі» деген сөздер «қырық бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: «Салық органдары» деген сөздер «Салық қызметі органдары» деген сөздермен ауыстырылсын; «205-1, 206, 207, 208-1, 209-212» деген цифрлар «205-212» деген цифрлармен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Салық қызметінің» деген сөздер «Салық қызметі органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма жетінші абзацындағы «салық органдарының» деген сөздер «салық қызметі органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар, № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар): 1) 10-баптың 1-тармағында: 2) тармақша «ескере отырып);» деген сөздерден кейін «вексель бойынша төлемдер;» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын: «22-2) негізгі құралдар - өндірісте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруге, жалға беруге және (немесе) әкімшілік мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлік;»; 2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Салық төлеуші салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.»; 3) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Салық агенті салық заңнамасында реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.»; 1-тармақта: 5) тармақша «құжаттар беруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептілігін қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржылық есептілігін» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) мыналарға: салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңды тұлға мен дара кәсіпкерге; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға; заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;»; 12) тармақшадағы «4) тармақшасында» деген сөздер «1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.»; 5) 21-баптың 4-тармағы «(облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздерден кейін «уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып,» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 29-баптың 4-тармағындағы «акцептің алған күннен бастап» деген сөздер «акцептін алған күннен бастап немесе салық төлеуші төлемді банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының салық төлеушіге қағазға түсірілген немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады.«; 2-тармақтың 9) тармақшасындағы «кешіктірмей жіберіледі.« деген сөз «кешіктірілмей;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жері өзгерген күннен бастап мұндай өзгерістер туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.»; 4-тармақтағы «Хабарлама» деген сөз «Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, жіберу фактісі сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-1-тармақта: «хабарлама тапсырылған» деген сөздер «(өзі) хабарлама тапсырылған (алған)» деген сөздермен ауыстырылсын; «он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; «хабарлама тапсырылған» деген сөздерден кейін «(салық төлеуші хабарлама алған)» деген сөздермен толықтырылсын; «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 9) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу осындай салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Салық есептілігінде (тарату есептілігін қоспағанда) көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі де өтеледі.»; 10) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын: «1-3. Салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағын және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлігінде жеке тұлғаның міндеттемелерді орындауы бойынша осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімнен бес жылға дейін ұзартылады.»; 11) 6-тараудың тақырыбында «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздер «салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын: «39-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезінде салық төлеушінің артық төлеген салық, төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу 1. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша міндеттемелер ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады. Осы Кодекстің 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады. 2. Осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскелерін пайдаланғаны, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақылар төлемақы деп танылады. 3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне: 1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне; 2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен: салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне; салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне міндетті есепке жатқызылуға тиіс. 4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен: салықтың басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне; салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс. 5. Бюджетке артық төленген өсімпұл сомасы: 1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша бересі мен айыппұлдарды өтеу есебіне; 2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен: салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне; салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс. 6. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсімпұл төлейтін жердегі салық органы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізеді. 7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзімі бұзылған әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. 8. Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы басқа салық төлеушінің салық міндеттемесі бойынша берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмауға тиіс.». тақырыбы «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздер «салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ «Салықтың» деген сөзден кейін «төлемақының, өсімпұлдың» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ «салықтың» деген сөзден кейін «төлемақының, өсімпұлдың» деген сөздермен толықтырылсын; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.»; 4-тармақ «төлемдердің» деген сөзден кейін «, өсімпұлдың» деген сөзбен толықтырылсын; 14) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын: «45-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерi Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау: 1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу; 2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; 3) салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері салық төлеушіге осы Кодекстің 31-бабында белгіленген мерзімдерде хабарлама жіберген кезде қолданылады. Салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тәсілі салық төлеушінің нақты мекенжайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы салық қызметі органдары жасаған актінің және салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жерін анықтау мүмкін еместігі туралы тиісті құқық қорғау органдары жауабының негізінде бес жұмыс күні ішінде қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |