Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы 1998 жылғы (2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi; иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру; табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi; техногендiк өзгертiлген радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта; әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы; бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ; қызметшiлер - тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар; радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың белгiленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және/немесе иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi; радиациялық қорғаныш - радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы; радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру; араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау; негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөніндегі қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды; оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау; авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.
4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Радиациялық қауiпсiздiк: құқықтық, ұйымдық, инженерлiк - техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы білім беру мен ақпараттық сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзу; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөніндегі шараларды iске асыруы; республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру; иондаушы сәулелендiру көздерiнен халықтың сәуле алуын шектеудiң мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру; иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.
2-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
5-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлеттi мемлекеттік органдарды, олардың арасындағы: иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау; радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру; қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөніндегі өзара iс-қимыл тәртібі мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1- тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртібін белгiлейді. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi, басқа өкiлеттi мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ: атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады; радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келісіп отырады; радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асырады; атом энергиясын пайдаланатын объектiлерде жұмыс iстейтiн қызметшiлерге біліктiк талаптарын белгiлейдi; радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлеттiгiне мыналар жатады: 1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру; 2) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу және бекіту, олардың сақталуын бақылау; 3) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру; 4) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу; 5) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттік басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 6) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау; 7) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлеттiгiне мыналар жатады: 1) иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру; 2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу; 3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау.
7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормалау 1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс. 2. Радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі өкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi. 3. Радиоактивтi заттармен және иондаушы сәулеленудiң өзге де көздерiмен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгiлейтiн радиациялық қауiпсiздiк ережелерiн, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау жөніндегі ережелердi, радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөніндегі өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды өз өкiлеттiктерi шегiнде өкiлеттi мемлекеттік органдар мен пайдаланушы ұйымдар бекiтедi және қабылдайды.
8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау 1. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жасайды. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртібі әрбiр ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісіледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi. 3. Радиациялық қорғау қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиiстi ұйымда нормаларды, ережелер мен гигиеналық нормативтердi, радиациялық қауiпсiздiк ережелерiн, құрылыс нормалары мен ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды бұзу анықталған жағдайда байқалған бұрмалаушылықтар жойылғанға дейiн иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы.
3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар 1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттік органдардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi. 2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган мыналардың негiзiнде: 1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы; 2) радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау; 3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы; 4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын "тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi; 5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау; 6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады. 3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган талдайды және бекiтедi.
10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдар: осы Заңның және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға; радиациялық қауiпсiздiктi және иондаушы сәулелендiру көздерiн сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, жүзеге асыруға; иондаушы сәулелендiру көздерi болып табылатын жаңа (жаңғыртылатын) өнiмнiң, материалдар мен заттардың, технологиялық процестер мен өндiрiстердiң радиациялық қауiпсiздiгiн негiздеу жөніндегі жұмыстар жүргiзуге; жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйымдардың аумақтарындағы, бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивтi заттардың сыртқы шығуы мен тасталуына үнемi өндiрiстiк бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға; қызметшiлердiң жеке сәуле алу мөлшерiне үнемi бақылау жасап, оларды есепке алуға; өндiрiстiк радиациялық бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдары мен қызметшiлерiн, мамандарын, иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн басқа да адамдарды даярлауға және оларды аттестациядан өткiзуге; қызметшiлердi алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мезгiл-мезгiл медициналық тексеруден өткiзiп тұруды ұйымдастыруға; қызметшiлердiң жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған жеке сәуле мөлшерiнiң шамасы туралы оларға үнемi хабарлап отыруға; радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды авариялық жағдайлар туралы, радиациялық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн технологиялық регламенттiң бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлап отыруға; радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың қорытындыларын, қаулыларын, нұсқамаларын орындауға; азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 1. Радонның және басқа да табиғи радионуклидтердiң болуына байланысты халық пен қызметшiлердiң сәуле алуы тұрғын үйлер мен өндiрiстiк үй-жайларда белгiленген нормативтерден аспауға тиiс. 2. Халық пен қызметшiлердi табиғи радионуклидтердiң ықпалынан қорғау мақсатында: үйлер мен ғимараттар құрылысы үшiн топырақтан радонның бөлiнуi деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, жер учаскелерiн таңдау; үйлер мен ғимараттарды осы үй-жайлардың ауасына радон түсуiне жол бермеудi ескере отырып жобалау және салу; үй-жайлардың ауасындағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, құрылыс материалдарына өндiрiстiк бақылау жүргiзу, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу; үйлер мен ғимараттарды олардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып пайдалану жүзеге асырылуға тиiс. 3. Үйлер мен ғимараттардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны кемiту арқылы нормативтердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда олардың пайдаланылу сипаты өзгертiлуге тиiс. 4. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмейтiн құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады.
12-бап. Тағам өнiмдерiн өндiрген кезде және ауыз суды пайдаланған кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Өндiрiстiк шикiзат, тағам өнiмдерi, ауыз су және дайындау, сақтау, тасымалдау мен сату процесiнде олармен жанасатын материалдар мен бұйымдар радиациялық қауiпсiздiк нормалары талаптарына сай келуге тиiс.
13-бап. Медициналық рентген диагностикасы жүргiзiлген кезде азаматтардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 1. Медициналық рентген диагностикасы жүргiзiлген кезде азаматтарды (пациенттердi) қорғаудың тиiстi құралдары пайдаланылады. Медициналық рентген диагностикасы жүргiзiлген кезде азаматтардың (пациенттердiң) сәуле алу мөлшерi радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелерге сәйкес болуға тиiс. 2. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзiлген кезде пациентке ол алады деп күтіліп отырған немесе ол алған сәуле мөлшерi туралы және оның әсерiнiң ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат берiледi. 3. Азаматтың, эпидемиологиялық жағынан қауiптi ауруларды анықтау мақсатында жүргiзiлетiн алдын ала зерттеулердi қоспағанда, медициналық рентген диагностикасынан бас тартуға құқығы бар.
14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерiн бақылау мен есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
15-бап. Өкiлеттi мемлекеттік органдардың радиациялық авария кезіндегі қызметi Радиациялық авария кезiнде өкiлеттi мемлекеттік органдар осы Заңды басшылыққа алады және өз қызметiн Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету Радиациялық авариялар тууы мүмкiн ұйымдарда: ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, өкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген тiзбесi; радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және өкiлеттi мемлекеттік органмен келісілiп араласу деңгейi; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын өкiлеттi мемлекеттік органдармен келісілген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөніндегі шаралар жоспары; радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар; радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары; қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 17-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерi Радиациялық авария жағдайында иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйым: радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын өкiлеттi мемлекеттік органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға; мемлекеттік өкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариялар мен оның зардаптарынан қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге; радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға; радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға; радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге; радиоактивтi авария жойылғаннан кейiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға; қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да өкiлеттi мемлекеттік органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
18-бап. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi 1. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн. 2. Радиациялық авариялардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келісімiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi. 3. Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
19-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы бар. Бұл құқық иондаушы сәулелендiрудiң адам организмiне белгiленген нормалардан жоғарғы радиациялық әсер етуiне жол бермеу жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзу, сондай-ақ иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтардың және ұйымдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
20-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ақпарат алуға құқығы Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың атом энергиясын пайдалану жөніндегі өкiлеттi мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңдарына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.
21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар. 2. Азаматтардың өмiрi мен денсаулығына зиян тигiзiлгенi және олардың мүлкiне залал келтiрiлгенi үшiн өтемнiң түрлерi мен мөлшерiн анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге: радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар; ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар; егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.
22-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi |