|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат): 1) 1-баптың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "33) теңіз ғылыми зерттеулері - теңізде мұнай операцияларын жүргізуге және олардың салдарларын зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;"; 2) 30-5-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының күші 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлерге, егер ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламалар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) болса немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, оларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылмайды. Бұл ретте ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске асырудың белгіленген мерзімдері орындалған жағдайда жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша не авариялық жағдайда және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төнген жағдайда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға жол беріледі.»; 3) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын: «35-бап. Қазақстан Республикасының мұнай сатып алу құқығы Қазақстан Республикасының мердігерден әлемдік нарық бағасынан аспайтын баға бойынша мұнай сатып алуға бірінші кезекте құқығы бар. Сатып алынатын мұнайдың шекті көлемі, баға белгілеу тәртібі мен төлем түрі мердігермен жасалатын жеке келісімде ескеріледі.». 2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын: "29-1) Қазақстанда шығарылатын тауарлар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілгенін растайтын шығарылу сертификаты бар тауарлар;"; 30) тармақшада: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "30) қазақстандық мазмұн - жыл сайынғы:"; екінші абзацтағы «қазақстандық кадрлар келісім-шартты орындаған кезде қолданылған» деген сөздер «келісім-шартты орындаған жағдайда жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мердігер тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтердің жалпы құнынан тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да иемденіп алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құны көлемінің проценттік мазмұны;"; 32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «32) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында тікелей өндіруі (орындауы);»; 47) тармақшадағы «зерттеуге, кен орындарын іздестіруге,» деген сөздер «зерттеуге және кен орындарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;»; «12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, түзу және жүргізу тәртібін бекітеді;»; 3) 8-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) осы Заңның 13-бабының 1-5-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді;»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган: 1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзеді және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді; 2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуі жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісімшартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді; 4) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанда шығарылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде олардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады; 5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін құзыретті органмен келісім бойынша бекітеді; 6) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлары, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері туралы есебінің және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық бағдарламасының нысандарын бекітеді; 7) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалардан тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алу жүргізілетіні және жүргізілгені туралы ақпарат сұратады.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы «бойынша» деген сөзден кейін «, сондай-ақ кемсітпеушілік негізінде олардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 9-баптың 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзу мақсатында сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етілетін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуді жүзеге асырады;»; 1-тармақтағы «құқығын беру» деген сөздерден кейін «, осы баптың 1-5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол мен автомобиль жолдарын және көпірлерді салу (реконструкциялау, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;»; 1-4-тармақта: «2000 текше метрден аз» деген сөздер «елуден екі мың текше метрге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; «барлау және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын; «арнаулы» деген сөз өсу қорын пайдалану және қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын: «1-5. Мердігерге пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлау және өндіру құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат беруі жолымен жүзеге асырылады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға берген кезде өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерілуі мүмкін.»; 1-тармақ: «тегін негізде» деген сөздерден кейін «, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру жолымен» деген сөздермен толықтырылсын; «құрамында беруді» деген сөздерден кейін «(жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруды)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: "10. Заңды тұлғаны тарату тәртібімен беру, кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығынан өндіріп алуды қолдану, сондай-ақ жер пайдалану құқығының мұраға берілу не заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәртібімен өтуі жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын келісімшарт күшіне енген кезден бастап екі жыл ішінде беруге болмайды. Бұл шектеу ұлттық компания немесе оның еншілес ұйымы жер қойнауын пайдалану құқығын берген немесе иеленген жағдайларда қолданылмайды."; 8) 41-1-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтері мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес болған жағдайда қазақстандық өндірушілерді» деген сөздер «қазақстандық тауарларды өндірушілерді, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.«; 3-тармақ «бір айдан кем болмауға» деген сөздерден кейін «, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он күннен кем болмауға» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ «үш айдан кем болмауға» деген сөздерден кейін «, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - бір айдан кем болмауға» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат пакетінің құны қайтарылуға жатпайды."; 10) 41-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларының немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар туралы мәліметтер;»; 1-тармақтың екінші сөйлемі «бір ай мерзімде» деген сөздерден кейін «, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он күн мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «өзге ақпарат көлемі» деген сөздер «өзге де қолда бар ақпарат көлемі» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Конкурстық ұсыныс берген конкурсқа қатысушының конкурстық ұсыныстар беру аяқталған күннен бастап конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін оны кері қайтарып алуға құқығы жоқ.«; 2-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;»; 4-3) тармақшадағы «, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін» деген сөздер алып тасталсын; 5) тармақша алып тасталсын; 13) 41-6-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкеп соқса, оның ішінде келісімшарт шеңберіндегі құқықтар шоғырландырылған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтар шоғырландырылған жағдайда.»; 1-тармақта: 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) жазылым бонусының мөлшері; 4) инвестициялардың мөлшері, жобаны қаржыландыру мерзімдері мен шарттары;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) өңірді әлеуметтік дамытуға қатысуы;»; 7) тармақшадағы «, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақ «екі айдан» деген сөздерден кейін «, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он бес күннен» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бір ғана конкурстық өтінім не бір конкурстық ұсыныс түскен жағдайда осы объект бойынша конкурс өтпеген деп танылады. Конкурс өтпеген деп танылған кезде құзыретті орган қайтадан конкурс белгілеуі мүмкін. Қайтадан өткізілетін конкурсқа конкурстық ұсыныс берген бір ғана қатысушы қатысқан жағдайда, мұндай қатысушы конкурс жеңімпазы болып танылады. Егер бір ғана конкурстық ұсыныстың түсуіне байланысты конкурс өтпеген деп танылса, қайтадан өткізілетін конкурс кезінде бұрын геологиялық ақпарат пакетін сатып алған қатысушыдан конкурсқа қатысу үшін жарна және геологиялық ақпараттар пакетінің құны өндіріп алынбайды.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Қандай да бір объект бойынша конкурстық ұсыныстардың мазмұны салыстырмалы түрде тең болған кезде конкурстық комиссия конкурстық ұсыныстары неғұрлым жақсы деп танылған конкурсқа қатысушылар енгізілетін «қысқа» тізім жасайды. Жеңімпазды анықтау мақсатында конкурстық комиссия «қысқа» тізімге енгізілген конкурсқа қатысушылар өздерінің конкурстық ұсыныстарын жақсартуға құқылы мерзімді белгілейді. Конкурстық ұсыныстарды жақсарту үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия «қысқа» тізімге енгізілген конкурсқа қатысушылардың арасынан жеңімпазды айқындайды.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Конкурс жеңімпазы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың жобасын конкурс жеңімпазы деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап жеті ай ішінде табыс етпеген жағдайда, конкурстық комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім берушіні конкурс жеңімпазы деп тану туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жояды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт осы объект бойынша конкурс жеңімпазы анықталған күннен бастап он сегіз ай ішінде жасалмаған жағдайда, конкурстық комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындау туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жояды.»; 2-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жұмыс бағдарламасын келісу келісімшартты сараптамадан өткізумен бір мезгілде жүзеге асырылады.»; 2-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-4. Келісімшарттың талаптарында мердігердің тартылған шетелдік персоналға қатысты алғанда, қосалқы мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса, қазақстандық персонал үшін тең еңбек жағдайларын және еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері көзделуге тиіс.»; 16) 44-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) жер асты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;»; 13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) жыл сайын, жылдық жұмыс бағдарламасы келісілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, алдағы жылға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға табыс етуге;»; мынадай мазмұндағы 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын: «13-2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға есеп беруге; 13-3) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен табыс етуге;»; 18) 63-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу 1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде қосалқы мердігерлердің сатып алуы мынадай тәсілдердің бірімен: 1) конкурс (ашық, жабық); 2) бір көзден сатып алу; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы; 5) ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады. 2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ашық конкурс тәсілімен сатып алу кезінде конкурс өткізу туралы хабарландыру аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс. 4. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткізуге міндетті. 5. Осы баптың талаптары кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.»; 19) 63-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мердігер, сондай-ақ оның қосалқы мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, осы Заңның талаптарына сәйкес, қазақстандық өндірушілерден сатып алуға міндетті.»; 20) 70-2-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Құзыретті орган қажет болған жағдайда тексерулерді жүргізу кезінде консультациялар алу, арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін консультанттарды (тәуелсіз сарапшыларды) тартуға құқылы.». 2-бап. 1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр алу лимитімен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын су пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бұрын берген рұқсаттардың негізінде, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде тікелей келіссөздер негізінде құзыретті органмен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын өндіруге келісімшарт жасаса алады.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі. № 226-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |